Алгоритм Диффи-Хеллмана. Тарихи Диффи-Хеллмана алгоритмі бірінші ашық кілтті алгоритм болды. Оның қауіпсіздігі арқылы өрісте дискреттік логарифм есептеу есебінің қиындығына сүйенген.
Яғни, егер y=ax mod n мінін берілген х арқылы оңай таба алсаңыз, берілген у арқылы х-тің мәнін табу қиынға түседі.
Төменде Диффи-Хеллмана кілт ауыстыру протоколы көрсетілген. Айгүл мен Марат алдын ала үлкен жай p мен n модулі бойынша примитивтік түбір g сандары туралы келісіп алады.
Протокол:
Айгүл кездейсоқ үлкен бүтін х санын таңдап алып, =gx mod p мәнін Болатқа жібереді.
Болат кездейсоқ үлкен бүтін у санын таңдап алып, =gy mod p мәнін Айгүлге жібереді.
Айгүл k=x mod p мәнін есептейді.
Болат k’=y mod p мәнін есептейді.
Табылған k және k’ мәндері gxy mod p санына тең. Сонда Айгүл мен Болат ортақ бір кілтке ие болады. Бұзғыш Марат ашық каналды жасырын қадағалап отырса да қолына түсетін сандар арқылы құпия кілтті анықтай алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |