Алгоритмдер жєне деректер структурасы



бет43/93
Дата07.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#18238
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   93
Байланысты:
OКА лекция каз

Бекіту сұрақтары:

  1. Анонимайзерді қолдану дегеніміз не?

  2. Ақпаратты қауіпсіздендіруді қамтамасыз ету құралдарын ата.

  3. Ақпаратты қауіпсіздендіруді камтамасыз ету әдістері.


Дәріс 10. Автоматты ықтималды моделдеудің негіздері. Формалды емес жүйелердің негіздері. Мәліметтерді өңдеу электрондық жүйелердің кұрылысы, программалы қамтамасыздандырудың кұрылысы, мәліметтерді өңдеудің жүйелік құралдары, мәліметтерді өңдеудің қолданбалы құралдары.
Мақсаты: Автоматты ықтималды моделдеудің және формалды емес жүйелердің негіздерін, басқару, кедергілер, жасыру, шектеу, ықпал ету, ықтиярсыздық туралы түсініктерін қалыптастыру.

Жоспар:

  • Web Money және басқада ақша төлеу қызметтері;

  • Мәліметтерді өңдеу электрондық жүйелердің кұрылысы;

  • программалы қамтамасыздандырудың кұрылысы;

  • Мәліметтерді өңдеудің жүйелік құралдары

Бұл жағдайда ақшаны алдап алу әр түрлі хакерлік қызметтерді төлеу арқылы жүзеге асырылады. Көбінесе почталық қорапшаны амалдап ашу, пароль іздеп табу, сайтқа жарнама жасап танымал ету деген амалдар қолданылады. Мысалға, кез-келген пайдаланушы өзінің бастығының почталық қорапшасын көргісі келеді. Немесе өзінің бәсекелесінің почтасын, пайдаланушыны қызықтырарлық жағдайлар өте көп. Осының бәрі бар болғаны 30-$ (кез-келген баға болуы мүмкін). Қызмет төленгеннен кейін пайдаланушы жауабын еш бір үмітсіз шексіз күтуі ғажап емес.

«Сайттарды танымал ету» амалдарын да қарастырып кеткен жөн болар. Кез келген сайт иелері өзінің сайтына кірушілер саны көп болғанын қалайды. Сайтқа кірушілер санын бақылау үшін сайтқа арнайы есептеуіш орнатады. Оларды Интернеттен сан алуан түрлерін табуға болады. Егер сайтқа кірушілер саны көп болса онда соның арқасында біраз пайда табуғада болады. Мысал ретінде онда ақылы жарнама қоюға болады. Осы жағдай сайт иелерін алаяқтардың қолына түсіреді.

Сайт иелерінің көбі Интернеттен «Қысқа мерзімде сайттарды танымал ету- арзан әрі сапалы»-деген көптеген хабарламалар көрген болар. Кейбір жағдайларда тіпті алдын ала ақша төлеуді де талап етпейді. Пайдаланушы сол қызметтерді пайдаланады да көп ұзамай нәтижесін көреді: сайтқа кірушілер саны екі, үш еселене бастайды. Әрие бұл жағдайда пайдаланушы Интернетте өз сайтына мықты жарнама жасалып сайтқа кірушілер саны тағыда артады деген оймен ол көрсетілген қызметке ақша аударады. Алайда ақша аударылған соң сайтқа кірушілер саны тез арада азайып кетеді. Олардың саны бұрынғы қалпына келеді. Негізінен Интернетке ешкім ешқандай жарнама жасаған жоқ. Оның орнына алаяқтар есептеуішті оңай амалдармен жасанды айналдырады.

Күн сайын неше түрлі интернет төлеу жүйелері дамып келе жатыр, оларды ішінде дамыған әрі танымалдары мыналар: Web Money және «Яндекс. Деньги». Бүл жүйелерді қолдану көптеген жұмыстарды жеңілдетеді, мысалы, тез арада алынған заттардың ақшасын төлегенде, істелген жұмыстарға төлегенде көптеген жеңілдіктер әкеледі. Бұл жүйенің дамуына бірден бір себеп ақша аударғанда ол аударылымдар туралы салықшылар мен сол сияқты мекемелер еш нәрсе біле алмайды. Сол үшін бұл жерде де алаяқтар өз жұмыстарын істеуде.

«Қақпан» интернеттегі көптеген тегін жарнама тақтайшаларына хабарлама ретінде қойылады немесе спамерлік хат арқылы жіберіледі. Хабарламаның немесе хаттың құрама шамамен мынадай:

Қайырлы күн! Мен Web Money (немесе «Яндекс.Деньги» т.б.) компаниясында техникалық қолдауқызметінде ұзақ уақыт жұмыс істедім. Жақында мені еш бір себебсіз жұмыстан шығарып жіберді. Бірақ жұмыстан шығар алдында мен құпияларын ұрлап үлгердім. Егер арнайы кошелекқа (кошелектарға) ақша аударса, онда үш күннің ішінде ол ақша сізге кем дегенде үш есе(пес есес, он есес) көлемде қайтып келеді. Кошелек нөмірі: №. Ақшаны жиып алуға асығыңыз! Уақыт шектеулі! Сәттілік тілеймін!

Бұл қарапайым алдаудың бір түрі екенін және ешқандайда «кошелек» жоқ екндігін түсіндірудің керек жоқ деп ойлаймын. Кейде өздерінің компьютерлеріне ақша төлемдерін жүргізетін интернет-жүйесін жаңадан орнатып олардың мүмкіндіктерімен толық таныспайды да қолданушылар осындай қырық өтіріктерге сеніп қақпандарға түсіп жатады.



Web Money және басқада ақша төлеу қызметтері әртүрлі «кошелектарды» іздестіріп оларды жоюда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет