Алгоритмдер жєне деректер структурасы


Қорғауды зерттеу мен жобалаудың әдістемесі



бет51/93
Дата07.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#18238
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   93
Байланысты:
OКА лекция каз

Қорғауды зерттеу мен жобалаудың әдістемесі

Пернетақта шпионы - басқа шпион модульдеріне қарағанда ең қауіптісі. Пернетақта шпионы - бұл программа немесе қондырғы, ол үнемі пернетақтадағы пернелердің басылуын, кейде пайдаланушының ақпаратын алу мақсатымен тіпті тышқан батырмасының шертуін бақылайды. Бұл не үшін қажет? Мұндай сұраққа алаяқтардың жауаптары әр түрлі: біреуіне - пошталық хаттарды ұстау үшін, екіншісіне - несие карталарының номерін алу үшін, үшіншісіне - құпия сөздерді бұзу үшін, төртіншісіне - құрастырушының әлі шығарып үлгермеген материалдарын ұрлау, ал бесіншісіне - осы аталғандардың барлығы және тағы басқа бір нәрсе. Пернетақта шпионы - программа компьютерге әр түрлі әдістермен енеді: мысалы, басқа шпион модульдері сияқты, компьютерге тегін қондырылатын программалардың құрамында болады, соңғы уақытта пернетақта шпиондық модульдері пайдаланушының белгілі бір сайттарды қарағанда кіріп кетеді.

Сонымен, келесі сұрақтарды қарастырамыз:

  • Пернетақта шпиондарының кіріп кетуінен алдын-алу;

  • Мұндай шпионды қалай алдауға болады, мүмкін ол кіріп кеткен болса (құпия мәліметерді кіргізудің алдын алу);

  • Шпион программаны қалай тауып және жоюға болады.

Қазіргі уақытта жүз пайыздық пернетақта шпионынан және басқа шпион программалардан қорғайтын программа жоқ. Аппараттық пернетақта шпиондарынан қорғау үшін, мүмкіндігінше бөтен адамдарды компьютерге жақындатпау. Ең біріншеден ол жұмыс орындағы компьютерлерге байлынысты болады. Сонымен қатар периодты түрде пернетақтамен жүйелік блоктың арасында қандайда бір құрылғының пайда болмағанын қарап отыру керек.

Егер сіздің компьютеріңізде пернетақта шпионы бар екенін сезсеңіз, не істеу керек? Міндетті түрде біріншіден - компьютерді арнайы программамен сканерлеу керек. Пернетақта шпиондарын іздеуге және жоюға Spyware-ның басқа түрлерімен қарсы күресуге арналған программаларды қолдануға болады. Бұдан басқа пернетақта шпиондарымен күресуге арнайы дайындалған программалар бар. Кейбір жағдайда компьютерді тез сканерлеуге мүмкін болмаған жағдайда және сол уақытта өте құпиялы мәліметтермен жұмыс істеу қажет болса, не істеу керек?

Мұндай оқиға болған жағдайда виртуалды пернетақтаны пайдаланған жөн. Виртуалды программа - бұл программа, интерфейстің пернетақтаны елестету арқылы жүзеге асады. Осы жағдайда керекті символдарды тышқанның көмегімен енгізеді. Көптеген пернетақта шпиондарының негізгі мақсаты пернетақтада басылған символдарды бақылап көру, сондықтан виртуалды пернетақтаны қолданған жөн.

Пернетақта шпиондарын жоюға арналған программалардың бірі - Anti- keylogger программасы болып табылады. Берілген программаның Интернеттен көшіру адресі: http//dl.softportal.com/load/antikey/zip. Дистрибутив өлшемі - 3,29 Мбайт.

Бұл программаның артықшылығы - оның көп тілділігі (орыс, ағылшын, француз, неміс, украин тілдерінде); ал кемшілігі - оның қымбаттылығы (программаның толықфункционалды нұсқасы 60$).

Бүтіндікті тексеру саясатының моделі



Тіпті кейбір шпиондық программалардан пайда алуға болады және бұл тәжірибиеден жиі көрінеді. Сонымен, программа-шпион келесі деңгейдегі адамдарға пайдалы болуы мүмкін.

  • Мекеме және ұйым басқармасына. Қызметкерлерінің компьютеріне қандайда бір шпион-программаны енгізіп, олардың жұмыс уақытында не істейтінін бақылап отыруына мүмкіндік береді. Әр түрлі программаларды ашып-жапқанда қандай мәтін терітінін, компьютерді өшіріп-қосқанда буфер айырбасының құрамына не кіреді және т.с.с. біле алады. Кейбір шпион-программа белгілі уақыт аралығында экран суретін түсіріп отырады.

  • Жүйелік администраторларға. Шпион-программаның көмегімен үнемі әр пайдаланушының жасаған жұмыстарын қарап отырады.

  • (Фискальным органам и силовым структурам). Шпион-программаның көмегімен ойластырылған қылмыстық іс туралы оперативті ақпарат алып оның алдын-алуға болады. Ата-аналарға. Компьютерде қондырылған шпион-программа баланың компьютерде не істегенін көруге мүмкіндік береді. Мысалы: информатикадан үй жұмысын орындадыма немесе ойнап отырдыма.

  • Қатардағы пайдаланушыға. Егер бір компьютермен бірнеше адам қолданылса, шпион-программаның көмегімен сіз жоқта қандай жұмыс істегенін білуіңізге болады.

Бұдан басқа шпион программаның көмегімен, жоғалтып алынған құжаттарды, мәліметтерді, порольдерді қайтарып алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет