Алгоритмдер жєне деректер структурасы


Қорғалған ядроның концепциясы. Қорғалған домендер



бет54/93
Дата07.01.2022
өлшемі2,09 Mb.
#18238
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93
Байланысты:
OКА лекция каз

Қорғалған ядроның концепциясы. Қорғалған домендер. Spyware шпиондық модулінің компьютерлік вирустардан негізгі айырмашылығы, компьютер жадындағы программалық қамсыздандыруға және мәліметтерге әсер етпейді. Шпиондық модульдердің мақсаты - пайдаланушы туралы ақпараттар (электрондық пошталардың адрестері, қатты дискідегі мәліметтер, Интернетте қарайтын беттерінің тізімі, жеке өзіне байланысты мәліметтер) жинау және оны арнайы мекен-жайға жібереді. Тіпті пайдаланушы оның артынан құпиялы түрде аңдып жүргенін сезбейді. Мұндай жолмен алынған ақпараттарды әр түрлі мақсаттарда қолданылуы мүмкін. Олар заңға қайшы немесе пайдаланушыға қауіпті болуы мүмкін.

Қандай әдіспен шпиондық модульдер компьютерге кіреді? Көптеген жағдайларда мұндай оқиғалар пайдаланушының керекті және қажетті материалдарды өз еркімен орнату кезінде болады. Мысалы, тегін және тек қана шпион- программамен орнатылатындарды. Егер осы «қосымшаны» өшіретін болсақ, онда негізгі программада істемей қалады.

Программаны орнатқанда мұқият қараңыз: компьютерге кейбір шпиондар, мысалы инсталяция кезінде, экранда шыққан қандай да бір сұрауға, пайдаланушы ойланбай мақұлдап жауап берегенде болуы мүмкін. Шпион программалар Интернеттен кіре алады.

Иерархиялық әдісті. Шпиондық модульдердің түрлері: Қазіргі уақытта шпиондық модульдердің келесі түрлері ерекше кең тараған.



  • Қатты дискінің сканері. Мұндай модульдер қатты дискіні оқып және алған мәліметтерін берілген адрестерге жібереді. Нәтижесінде алаяқтар компьютердегі ақпараттарға, сақталған файлдарға және компьютерде орнатылған программаларға қол жеткізе алады.

  • Пернетақта шпионы. Осы сияқты программалар пернетақтаны бақылап және әр басқан пернені жаттап, одан кейін арнайы адрестерге жібереді. Алынған ақпарат бөтен адамдардың қолына түседі; ал онда хаттар, құпиялы құжаттар, тіпті несие карталарының нөмірлері, парольдер болуы мүмкін. Пернетақта шпиондары туралы толығырақ төменде айтылған.

  • Автоматический дозвон. Мұндай программа орнатылған компьютерлердің модемдері сонда көрсетілген телефон номерлерімен автоматты түрде байланысады. Бұл телефон номері басқа шет елде болуы мүмкін, сондықтан пайдаланушы өте үлкен көлемде телефондық есеп алуы мүмкін. Ондай болмас үшін модем динамикасын қосып қойған дұрыс, сол кезде модемнің автоматты түрде телефон номерін теріп жатқанда назар аударасыз.

  • Программалардың контролері. Осындай түрдегі шпиондар сол компьютердегі жиі қолданылатын программалар туралы мәліметтер жинап, арнайы адрестерге жібереді.

  • Пошталық шпион. Бұл программалар пошталық хаттарға «жөндеуліктер енгізеді»: мысалы, олар электрондық хаттардагы қолдарды өзгерте алады, орындарына жарнамалық ақпараттар қойып және т.б. Кейбір пошталық шпиондар адрестік кітапшаның мазмұнын алаяқтарға жібереді.

  • «Прокси-сервер» түрдегі программалар. Мұндай программа орнатылған компьютерде Интернетте оңай жұмыс істеу үшін прокси-сервер ретінде қолданылады. Осы программаны компьютерге орнатқан алаяқтар, осы басқа атпен жасырынып, ал оның іс-әректттері (заңды және заңсыз) үшін пайдаланушы жауаты болады.

  • Интернет - монитор. Программа несие карталарының номерлерін және интернет-магазиндерден тауарлардың ақшасын төлегенде тез жаттап алады.

  • Басқа да шпиондық модульдер. Бұған комбинирленген шпион- программаларды жатқызуға болды, мысалы қатты диск сканері, программа контролерімен қосылған.

Бұған сонымен қатар ойсыз, әзіл программаларда кіреді. Олар ешкімге ақпарат таратпайды, ешқандай бақылау жүргзбейді, тек қайталап экранға компьютердегі қиындықтарды (мысалы,Сіздің компьютеріңізге вирус жұққан, 15 минуттан кейін С дискісіне автоматты түрде форматтау жүргізіледі) айтып отырады. Мұны оқыған пайдалану тез-тез ең қажетті документтерін сақтайды, көптеген керек емес іс-әрекеттер істейді. Кейде автоматты түрде істегенін күтпей өзі форматтау жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет