Ad-Aware. Lavasoft неміс компаниясының құрастырған жартылайфункционалды программасы Ad-Aware, жарнамалық және шпиондық және т.б. модульдерді іздеуге, жоюға арналған өте күшті утилит болып саналады. Ad-Aware қазаргі уақытта атақты программалардың бірі.
Сканерлеу кезінде Ad-Aware оперативті жадты, жүйелік реестрді, тағы да Internet Explorer құрамы мен түзетулерін тексереді.
NoAdware.Аталған утилит тек жарнамалық модульдерден ғана емес, сонымен қатар көптеген жағымсыз программалардан құтылудан көмектеседі. Программаның соңғы нұсқасының (NoAdware4.0) дистрибутив өлшемі - 980 Кбайт. Бұл прогрмманың артықшылығы қолдануда тездігі және оңайлылығы; ал кемшілігіне келсек - орыс тілділігінің жоқтығы. Сканерлеу процессінде жүйелік реестр мен компьютердің локальдық дисктерін тексереді. Керек жағдайда тек қана таңдаулы объектілерді тексеруге болады. Программада қолдан және автоматты түрде мәліметтерді жаңарту қоры бар.