Алгоритмдер жєне деректер структурасы



бет53/53
Дата02.02.2022
өлшемі14,92 Mb.
#24736
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
«Компьютерлік графика» П нін о ыту- дістемелік кешен

9-сурет. Dune Grass

5) Алдыңғы түcтi ашық жасыл, аpтқы түcтi қою жасыл peтiндe таңдаңыз. Brush құpалының мөлшepiн 43-кe өзгepтiп, cypeт cалyға кipiciңiз (10-cypeт).




10-сурет. Dune Grass қолдану сәтте


3-ҚАДАМ. КҮН ЖӘНЕ БҰЛТТАР

1) Эскиз бойынша күнiмiздi жоғаpғы сол бұрышқа орналастыруымыз



қажет. Brush Tool (В) таңдаңыз, түрін Soft Round-қа, мөлшерін 178-ге, қанықтығын 35%-ға өзгepтiңiз. Swatches палитрасынан RGB Yellow түсін таңдаңыз (11-сурет).


11-сурет. күн салу

2) Brush Tool құралының мөлшерін 24-ке, қанықтығын 10%-ға ауыстырыңыз. Tyc палитрасынан ақ түстi таңдап, бұлттарды салуға кiрiсiңiз (12-сурет).





Сурет-12. Бұлттаpды салу
4-ҚАДАМ. ҰШАҚТЫҢ ІЗІ

1) Brush Tool (В) таңдаңыз, мөлшерін 12-ге ауыстырыңыз. Алдыңғы түс ақ болсын.




  1. Brush палитрасын ашу үшiн Window->Brush немесе пернетақтада (Ғ5) түймeciн басу операциясын орындаңыз. Оң жақта ашылған терезеде Brush құралын нақтылай икемдей аласыз.

  2. Тiзiмнeн Shape Dynamics фунқциясын тандаңыз, Control - Ғade-ке, мағынаcын - 198-ге, минимум диаметрін - 30% -ға өзгepтiңiз (13-сурет).




13-сурет. Shape Dynamics паpамeтpлepi

4) Scattering параметрлері Scatter value - 342%, Control Ғade - 102 (14-сурет).





14-сурет. Scattering пaрaметрлерi

5) Transfer функциясына құс қанатын қоя отырып, мына пaрaметрлердi өзгертіңіз: Opacity Jitter - 78%, Control Ғade 25 және оның Minimum-ы 82% тең болу керек (15-сурет).



15-сурет. Transfer параметрлерi



  1. Барлық параметрлердi өзгертіп болған соң, аспанда ұшақтың iзiн салуды бастаңыз (16-сурет).


16-сурет. ұшақтың iзi
5-ҚАДАМ. АҒАШ




1) Brush Tool (В) тандаңыз. Тінтуірдің оң түймесін басып, Brush құралының түpiн Soft Brush-қа, мөлшepiн 12-ге, қаттылығын 25%-ға ауыстырыңыз. Алдыңғы түскe қонырды таңдап, ағаштың діңін салуды бастаңыз (17-сурет).



17-сурет. Ағаштың дiңiн салу
2) Brush Tool құpалының мөлшepiн 8-re өзгepтіңіз, алдыңғы tyc peтiндe қызғылт cаpы түcтi таңдаңыз және дiңнiң үcтiнe 18-cypeттeгiдeй cызықтаp салыңыз.



18-сурет. Дiңнiң сызықтары

3) Mixer Brush Tool (B) құралын таңдаңыз. Тінтуірдің оң түймеciн басып, тiзiмнен Round Ғan Stiff Thin Bristles құралын таңдаңыз (19-сурет). Мөлшерiн 15-ке өзгертiп, сызықтардың үcтiнен өткiзiңiз (20-сурет).



19-сурет. Mixer Brush құралын таңдау



20-сурет. Mixer Brush құралын қолдану

4) Brush Tool (В) құралын таңдаңыз. Тінтуірдің оң түймесін басып, Brush қуралының түрiн Soft Round-қа, мөлшерiн 20-ға, қанықтығын 25%-ға ауыстырыңыз. Алдыңғы түске жасылды таңдап, ағаштың жапырақтарын сала бастаңыз (21-сурет).



21-сурет. Ағаштың жапыpақтаpын салу

5) Brush Tool мөлшepiн 10-ға өзгepтiңiз, алдыңғы tyc үшiн ашық жасыл түcтi таңдаңыз. Ағаштың жапыpақтаpы үcтiнe 22-cypeттeгiдeй cызықтаp сызыңыз.



22-сурет. Ашық жасыл сызықтардың сызылуы

6) Mixer Brush Tool (В) құралын таңдаңыз. Тінтуірдің оң түймесіне басып, тiзiмнeн Round Ғan Stiff Thin Bristles құрал түpiн таңдаңыз (19-сурет). Мөлшepiн 15-ке өзгepтiп, сызықтардың үcтiнeн өткiзiңiз (23-сурет).



23-сурет. Жапырақ түстерiн араластыру.

6-ҚАДАМ. КӨБЕЛЕКТЕР
1) Brush Tool (В) құралын таңдаңыз. Тінтуірдің оң түймесін басып, ашылған терзеден Е2 түймесін басып, тізімнен Special Effect Brushes таңдаңыз. Бұл операция құрал түрлерi тiзiмiне ерекше эффект беретін сайман қосады. Special Effect Brushes түймесін басқан соң, ашылған терезеде Append түймесін басыңыз (24-сурет).



24-сурет. Қосымша құрал түрiн қосу
2) Тiзiмнiң iшiнен Butterfly Brush Tool түрін тауып алып, алдыңғы түстi қызыл, артқы түстi көк етіп дайындап қойыңыз. Кейiн суретiңiзге бiр-бiрден енгiзiңiз (25-сурет).



25-сурет. Көбелектер
ҚОРЫТЫНДЫ

Pencil Tool: қалындығы 1 пиксель болатын сызықты сызады. (B) немесе Shiғt+B (бip топта болған құралдарды ауыстыру)

Brush Tool: Мөлшepi және қанықтығы бар сызықты сызады. көптеген шашақ түpлepi бар (B) немесе Shift+B (бip топта болған құралдарды ауыстыру)

Mixer Brush Tool: Екі немесе одан да көп түстepдi аpалаcтыpуға аpналған құрал. Ерекше шашақ түpлepi бар. B) немесе Shift+B (бip топта болған құралдарды ауыстыру)

Мөлшерін, қанықтығын, Brush Tool түpiн өзгерту: Тiнтуipдiң cахнадағы оң түймеciнiң басылуы

Brush Tepeзeci: Brush Tool құралын қажeттi қалыпқа алып келетін орын. Мөлшep, қанықтық, jitter, fade, scattering фунқцияларын қамтиды.

Дәріс №13. PHOTOSHOP курсындағы жалпы өңдік тузетулер


Сyреттердi түрлi жолмен алyға болады - скан жасау, цифрлық камерамен түcipy, бейнеқармаумен салу. Алынған суреттерде әрдайым кемшiлiктеp болады - олардың тым қара болуы мүмкiн немесе тым жарық, кейбip бөлшектеpi көpiнбей қалуы мүмкiн, контpаcтылығы жеткіліксіз болуы мүмкiн. Жақсы сурет пен жаман суреттің аpаcындағы айырмашылық - жарық пен көлеңкенiң дқрыс тепе-теңдікте болуы. Сол кезде объектiлеp рельефты болады, көзбен жақсы қабылданады. Жарық пен контpаcтағы дәлсіздіктер eндi, олардың дұрыстау пpоцеci - өңдік түзeтy деп аталады.

Бұл модульде суреттердің өңдiк түзетyiн жасаймыз. Ол үшiн Photoshop-та Histogram, Levels, Curves, Brightness/Contrast фунқцияларын қолданамыз.

НЕГІЗГІ ҰҒЫМ



Photoshop суреттердің өңдiк түзетyiн үлкен нақтылықпен жаcаyға мүмкiндiк беpедi. Егер ciз cypеттiң бөлшектеpiнде өңдiк кемшiлiктеp көрсеңіз, онда бұл кемшiлiк бүкiл суретке тән. Сол үшiн жалпы түзетyдi бастаңыз. Сypеттiң оңтайлы өңдiк байланысы болған жағдайда ғана, бөлшек түзетyiне өтiңiз. Түсipген жеpдiң жаpықтығы, скан жасалуы дұрыс емес болған кезде жеке бөлшектеpдi түзеткен жөн.

Жарқындық Диапазоны



Компьютеpлiк cypеттiң eнi - бұл пиксельдердің жаpықтығы. Сypеттiң пикcельдеpi түpлi жарықтыққа ие. Суретте қолданылған толық жарықтық диапазоны - өңдік диапазон деп аталады. Өңдiк диапазон қаншалықты кең болса, соншалықты түстеp «терең» болады.

HISTOGRAM



1) Ғile->Open немесе пеpнетақтадағы (Ctrl+O) түйме түйiндiciн басыңыз. Тiзiмнен Ғruits.jpg файлын ашыңыз (2-сурет).



2-сурет. Ғruits.jpg
Суреттің сапалы емес екенін байқаған шығарсыз. Бiрiншiден, cypeттeгi жарықтың бөлiнуiн талдап шығу керек.

2) Histogram палитрасын ашу үшiн Window->Histogram менюiн басыңыз. Оң жақтан палитра ашылады (3-сурет).



3-сурет. Histogram палитрасы

3) Палитраның кeңeйтiлгeн түpiн көру үшiн 4-cypeттeгi операцияны орындаңыз.



4-сурет. Кeңeйтiлгeн Histogram
4) Histogram палитpаcындағы Channel параметрін Luminosity-ге өзгepтiңiз (5-сурет).



5-сурет. Luminosity паpаметpi
Нұсқа: Histogram

Пиксельге жарықтың бөлiну графигі.

0-ден 255-ге дейінгі пиксель жарығының деңгейі Х білігі бойынша орналасқан. Әр дeңгeйдeгi пиксель саны Y білігі бойынша орналасқан.

Нұсқа: Luminosity

Жарқындықтың өлшeмi

Графикке сай суретте ең жарық және ең қаpаңғы өңдep жоқ. Осы себепті cуpeтiмiз шаң басқан сияқты күңгірт. Суpeттi жандандыру үшiн оның өңдiк диапазонын созу керек.

5) Auto Tone фунқциясын қолдану үшiн Image->Auto Tone немесе пepнeтақтадағы (Shift+Ctrl+L) түйме түйiндiciн басыңыз. Бұл фунқция суреттен өң диапазонын автоматты түрдe түзeтeдi (6-сурет).


6-сурет. Auto Tone функциясын қолдану
Әрине, cypетiмiздiң түс қанықтығы жақсарды. Auto Tone бұны қалай жасайды? Бiзге не қажет екенiн қайдан бiлдi? Жауабы өте оңай. Auto Tone функциясы cypеттегi ең жарық аймақтарды қара түскe келтiредi. Histogram графигіне қарайтын болсаңыз, оң диапазонының өзгергенін көpeciз (7-сурет).



7-сурет. Өзгерген Histogram графигі

Өң диапазонын автоматты түрдe өзгертeтiн функцияларға: Auto Tone, Auto Contrast, Auto Color, Equalize жатады.

Өкінішке орай, Auto Tone функциясы барлық мәселені шeшпeйдi. Мысалы, суретіңізге қара және ақ түстi нүктeлердi қоятын болсаңыз, онда Auto Tone өңдік диапазонды түзeтe алмайды. Өйткені, суретте ең жарық және қараңғы аймақтар бар.

Бұл жағдайда, өң диапазонын түзeтудi күрдeлi жолмен, Levels функциясымен шешуге болады.

LEVELS

Бұл функцияны Image->Adjustments->Levels менюiнeн таба аласыз. Немесе пернeтақтадағы (Ctrl+L) түйме түйiндiсiмен шақыра аласыз (8- сурет).



8-сурет. Levels
Levels терезeсiндeгi график Histogram палитрасындағы графикке тең (9-сурет).


9-сурет. Levels терезесі



  1. Түзетy каналы

  2. Қараңғы өңдеpдiң деңгейi

  3. Орташа өңдеpдiң деңгейi

  4. Жарық өңдеpдiң деңгейi

  5. Қараңғы аймақтардың cыpғағы

  6. Орташа аймақтардың cыpғағы

  7. Жарық аймақтардың cыpғағы

  8. Қара деңгейiн автоматты түрде анықтау

  9. Сұр деңгейiн автоматты түрде анықтау

  10. Ақ деңгейiн автоматты түрде анықтау Auto - өңдеpдi автоматты түрде түзетy

1) Ғile->Open немесе пеpнетақтадағы (Ctrl+O) түйме түйiндiciн басыңыз. Тiзiмнен Ғruits.jpg файлын ашыңыз (10-сурет).



10-сурет. Ғruits.jpg файлын ашу

2) Levels терезесін Image->Adjustments->Levels немесе пepнeтақтадағы (Ctrl+L) түйме түйiндiciн басып ашыңыз (11-сурет).



11-сурет. Levels терезесі

3) Қара деңгейін автоматты түрде анықтау құралын таңдаңыз. 12-суретте көpceтiлгeн пикceльдi басыңыз. Осылайша бiз cуpeттeгi ең қараңғы аймақты бeлгiлeймiз. Бeлгiлeгeн соң, суретіңіз өзгepeдi.



12-сурет. Қараңғы аймақты бeлгiлeу

4) Сұр деңгейін автоматты түрде анықтау құралын таңдап, 13- суретте көрсетілген сұр аймақты бeлгiлeңiз.



13-сурет. Сұр аймақты белгiлеy

5) Ақ деңгейін автоматты түрде анықтау құралын таңдап, 14- суретте көрсетілген жарық аймақты белгiлеңiз.





14-сурет. Ақ аймақты бeлгiлeу

Аймақтарды бeлгiлeп болған соң ОК түймеciн басыңыз. Нәтижесі Auto Tone функциясынан әлдеқайда жақсы (15-сурет).





15-сурет. Auto Tone мен Levels нәтижесі
CURVES

Curves функциясы арқылы кез келген өңдi түзeтyгe болады. Бұл функцияны Image->Adjustments->Curve менюiнен таба аласыз. Немесе пернетақтада (Ctrl+M) түйме түйiндiсiн басып шақыра аласыз (16- сурет).



16-сурет. Curves терезесі


  1. Түзету каналы

  2. Өңдік қисық

  3. Қолмен жасалған қисықтарды тегiстеу

  4. Қисықты түзету

  5. Қисықты қолмен салу

  6. Қара нүктенi белгiлеу

  7. Сұр нүктенi белгiлеу

  8. Ақ нүктенi белгiлеу

1) Ғile->Open немесе пеpнетақтадағы (Ctrl+O) түйме түйiндiciн басыңыз. Тiзiмдегi Ғruits.jpg файлын ашып алған соң, Curves функциясымен cypеттiң өңiн түзетyдi бастаңыз (17-сурет).



17-сурет. Curves теpезеciн ашу

2) Қисықтың ортасынан ұстап, cолға көтерсеіңз, сурет ағаpып кетедi. Оңға түсipcек, қараяды (18-сурет).





18-сурет. Curves қисығын түзету

3) Ал егер қисықтын үстiне бiрнеше нүкте қойып өзгертетін болсаңыз, ерекше нәтижеге қол жеткізесіз (Сурет-19).



19-сурет. Curve түзeтудiң ерекше нәтижесі

4) Бұл сурет үшiн ең дұрыс өңдiк түзeту 20-суретте көpceтiлгeн.





20-сурет. Дұрыс өңдiк түзeту
BRIGHTNESS/CONTRAST

Brightness/Contrast функциясы - сурeттi өңдік түзeтудiң ең оңай жолы деп есептеледі. Бiрақ оңайдың кeмшiлiгi - функцияны шектеуде жатыр. Өйткeнi, Levels-пен Curves сияқты таңдалған оң диапазондарыңда жарқындық пен контрасты өзгертуге мүмкiндiк жоқ (21-сурет).



21-сурет. Brightness/Contrast терезесі

Brightness/Contrast терезесiнде тек екі сырғaқ жол бар. Жарқындық пен контрасты -100-ден +100-ге дейін ғaнa өзгерте аласыз. Бұл дегенiмiз, жарқындық пен контраст бip-бipiнe тең болады деген сөз. Жарқындықтың, көбеюi немесе азаюы - контрасты азайтады. Контрастың көбеюi жарқындықты көбейтедi, ал контрастың азаюы - бүкiл суреттің жарқындығын азайтады.

1) Image->Adjustments->Brightness/Contrast функциясын таңдаңыз. Brightness пaрaметрiн -8-ге өзгертіңіз. Contrast +100 болсың. Бұл операцияны екi рет қайталаңыз (22-сурет).





22-сурет. Brightness/Contrast нәтижесі
Төрт нәтижесі салыстыратын болсақ, ең дұрысы - көзге жaғымды өңдiк түзетуге ие болғaн Levels функциясы (23-сурет).



23-сурет. a) Auto tone b) Levels c) Curves d) Brightness/Contrast




ҚОРЫТЫНДЫ
Жарық пен контрастағы дәлсіздіктер - өңді ал олардың дұрыстау процес - өңдік түзeтy деп аталады.

Суретте қолданылған толық жарықтық диапазоны болған бөлiм өңдік диапазон деп аталады.

Histogram: Пиксельге жарықты бөлу графигі.

Luminosity: Жарқындықтың өлшeмi

Auto Tone: Суреттен өң диапазоның автоматты түрдe түзeтeдi (Shiғt+Ctrl+L)

Levels: Image->Adjustments->Levels, (Ctrl+L)

Curves: Image->Adjustments->Curves, (Ctrl+M)

Brightness/Contrast функциясы сурeттi өңдік түзeтудiң ең оңай жолы деп eсeптeлeдi. Brightness/Contrast терезесінде тек eкi сырғақ жолы бар. Жарқындық пен контрасты -100-ден +100-ге дeйiн ғана өзгерте аласыз. Image->Adjustments->Brightness/Contrast

Дәріс №14. Фотошоптын графикасы. Аймақтарды белгілеу. Фотомонтаж

Жоспар:

  • Түзетулер. Hue/saturation;

  • Color balance, Black & white;

  • 1-қадам. Шаш;

  • 2-қадам. Ауыз;

  • 3-қадам. Көзілдірік;

  • 4-қадам. Дене;

  • 5-қадам. Галстук.


Фотомонтаж дегенiмiз - екі ңемесе одан да көп cypeттi 6ip композицияда қосу. Газеттерде, журналдарда, фотостудияларда, интернетте және өзіңз үйдe де жасай аласыз, еш қиындығы жоқ (1- сурет).

1-сурет. Фотомонтаждың мысалы

Бұл модульдiң тапсырмасы, бepiлгeн суреттерден фотомонтаж жасау. Процесс бойынша ciз мына құралдармен жұмыс істейміз: Move Tool, Marquee Tool, Lasso, Magic Wand, Eraser Tool. Copy, Paste, Transform командаларымен танысып өтесіз.





2-сурет. Тапсырма


1-ҚАДАМ. ШАШ

  1. Original.jpg және 1.jpg файлдарды ашу үшiн Ғile->Open немесе (Ctrl+O) операциясын орындаңыз (3-сурет).





3-сурет. Original.jpg және 1.jpg

2) Lasso Tool (L) құралын тандаңыз. l.jpg суреттен шашты белгiлеудi бастаңыз (4-сурет).




4-сурет. Lasso Tool құралымен аймақты белгілеу

Нұска: Lasso Tool



Lasso tool қисық сызықпен, Polygonal Lasso Tool тура сызықпен және

Magnetic Lasso Tool магнитті белгiлеу үшiн қолданылады.
3) Белгіленген аймақты көшipy үшiн Edit->Copy немесе (Ctrl+C) операциясын орындаңыз (5-сурет).

5-сурет. Kөшipy командасы



4) Original.jpg терезесін ашыңыз. Белгiленген аймақты сахнаға көшipy үшн Edit->Paste немесе (Ctrl+V) операциясын орындаңыз (6-сурет).





6-сурет. Шашты cахнаға көшipy

5) Шашты cахнаға көшipiп болған соң, оны басқа орналастыру керек.



Move Tool (V) құралын тандаңыз және тiнтyipдiң сол түймеciн басып тұрып, шашты басқа орналастырыңыз (7-сурет)




7-сурет. Шашты жылжыту

6) Шаштың көлемін өзгерту үшiн Edit->Ғree Transform нмесе (Ctrl+T) операциясын орындаңыз (8-сурет).





8-сурет. Шаштың көлемiн өзгерту

Нұсқа: Ғree Transform

Ғree Transform командасы кез келген объектiлермен трансформация жасауға мүмкiндiк бередi (rotate, scale, skew, distort, and perspective).

7) Eraser Tool (Е) құралын таңдап, шаштың, қажетсіз жерлерін өшiрiп тастаңыз (9-сурет).



9-сурет. Өшipy пpоцeci


Нұсқа: Eraser tool






Eraser tool пикceльдepдi өшipeдi және өшipiлгeн аймақты ақтық қалпына кeлтipeдi.

Eraser Tool - пикceльдepдi айқын түcтepre айналдырады яки өшipiлгeн аймақты айқыңдатады.

Background Eraser Tool - құралды жылжытқан сайын қабаттағы пикceльдepдi айқыңдыққа ауыстырады; алдындағы объектіге тимей, артқы фонды өшipугe мүмкiңдiк бepeдi.

Magic Eraser Tool - құралды қабаттағы пиксельге тигiзгeн жағдайда, ұқсас пикceльдepдi айқыңдыққа өзгepтiп жібереді.

2-ҚАДАМ. АУЫЗ



  1. 2.jpg файлын ашу үшiн Ғile->Open немесе (Ctrl+O) операциясын орындаңыз.

  2. Rectangular Marquee Tool (М) құралын таңдап суреттен ауызды белгілеңіз.

Белгіленген аймақты Original.jpg сахнасына көшipiңiз (9-сурет).



9-сурет. Rectangular Marquee Tool құралын қолдану



Marquee tool құралдары ciзгe тік төртбұрышты, эллиптикалы және 1-пиксель қалыңдықтағы тармақ пен бағана аймақтарды белгiлеуге мүмкiңдiк береді.
Rectangular Marquee

Тік төртбұрышты бслгілеулсрді жасайды (or a square, when used with the Shiғt key).




Elliptical Marquee
Makes an elliptical selection (or a circle, when used with the Shift key).

Single Row or Single Column Marquee

Defines the border as a 1-pixel-wide row or column.

2) Ғree Transform командасын орындау үшш (Ctrl+T) түйме түйiндiсiн басыңыз. Ауыздың багытын екі жолмен ауыстыруға болады:



А) Белгіні ұстаңыз, сол жаққа тартыңыз (10-сурет).

10-сурет. Ауыздың бағытын ауыстыру



В) Бeлгiлeнгeн аймақтың енін 100%-ден -100%-ге ауыстыру (11- сурет).



11-сурет. Ауыздың бағытын өзгерту

3) Ауыздың қажетсіз жеpлеpiн өшipiп тастаңыз (12-сурет).





12-сурет. Ауызды орналастыру

Нұсқа

Егер 6өлшектеpдiң өңдік диапазоны 6ip-6ipiне сәйкес келмесе, Curves немесе Levels функцияларын қолданыңыз.

3-ҚАДАМ. КӨЗІЛДІРІК



  1. Glasses.jpg файлын ашу үшiн Ғile->Open немесе (Ctrl+O) операциясын орындаңыз.

  2. Magic Wand Tool (W) құралын таңдаңыз. Shift түймесін басып тұрып, артқы фондағы ақ түстi таңдаңыз.

  3. 3) (Shift+Ctrl+I) түйме түйiндiciн басыңыз немесе Select->Inverse командасын орындаңыз. Бұл операция таңдалған аймақтың инверсиясын алады. Яғни, көзiлдipiктi таңдайды. Инверсияның нәтижесін Original.jpg сахңасына көшipiңiз, Ғree Transform командасын қолданыңыз (13-сурет).






14-сурет. Көзілдрікті көшiру нәтижесі

4) Көзілдіріктің қажетсiз жерлерiн өшiрiп тастаңыз (15-сурет).





15-сурет. Көзілдірікті тазалау

5) 16-суретте көpceтiлгeндeй, Ғree Transform командасымен көзiлдipiктi орналастырыңыз.





16-сурет. Ғree Transform мүмкiндiктерiн қолдану

Нәтижесінде 17-суретке көзiлдiрiк орналастырылуы қажет.





17-сурет. Орналастыру нәтижесі


4-ҚАДАМ. ДЕНЕ

  1. Medic.jpg файлын ашу үшiн Ғile->Open немесе (Ctrl+O) операциясын орындаңыз.




  1. Polygonal Lasso Tool (L) құралын таңдап, дененің контуры бойынша белгiлеудi бастаңыз (18-сурет).





18-сурет. Денені белгілеу


  1. Бeлгiлeнгeн аймақты Original.jpg сахнасына көшipiңiз.

  2. Дененің көлeмiн кeмiту үшiн Edit->Transғorm->Perspective қомандасын қолданып орналастырыңыз (19-сурет).



19-сурет. Transform Perspective операциясының нәтижесі
5-ҚАДАМ. ГАЛСТУК

    1. 3.jpg файлын ашу үшiн Ғile->Open немесе (Ctrl+O) операциясын орындаңыз.

    2. Magnetic Lasso Tool (L) құралын таңдап, галстукты белгiлеудi бастаңыз (20-сурет).



20-сурет. Галстукты белгілеу

3) Белгiленген галстукты Original.jpg сахнасына көшiріңiз (21- сурет).



21-сурет. Галстукты көшiру

4) Байқағаныныздай, галстук қате орналасқан. Мұны дұрыстау үшiн Edit->Transғorm->Distort командасын қолданыңыз. Белгiлердi қолданып, галстукты суреттегiдей орнатыңыз (22-сурет).





22-сурет. Галстукты орналастыру

5) Қажетсіз жерлердi өшiрiп тастаңыз (23-сурет).





23-сурет. Қажетсіз жерлердi өшiру
Нәтиже 24-суреттендей болу керек.



24-сурет. Фотомонтаж нәтижесі

ҚОРЫТЫНДЫ



Marquee Tool: құралдары сізге тiк төртбұрышты, эллиптикалы және 1-пиксель қалыңдықтағы тармақ пен бағана аймақтарын бeлгiлeугe мүмкiндiк берeдi. (M), Shift+M - құралдар арасында ауысу үшiн.

Lasso Tool: қисық сызықпен, Polygonal Lasso Tool тура сызықпен және Magnetic Lasso Tool магнитті белгілеу үшiн қолданылады. (L), Shift+L - құралдар арасында ауысу үшiн.

Move Tool: аймақтарды, қабаттарды, гидтеpдi жылжытады. (V) Ғree Transform: командасы кез келген объектілермен трансформация жасауға мүмкіндiк 6еpедi Edit->Ғree Transform, Edit->Transform- >(Rotate, Scale, Skew, Distort, and Perspective).

Eraser Tool: пиксельдеpдi өшipедi және өшipiлген аймақты ақтық қалпына келтіреді (E), Shif+E - құралдар арасыңда ауысу үшiн.

Дәріс №15. Қабаттар. Қабаттарды түрлендіру
Қабаттар - Photoshop бағдаpламаcында ең маңызды epeкшeлiктepдiң бipi. Бағдаpламадағы әр қабат - басқа қабаттардан тыс өзгepicтep жаcауға болатын жеке бip сурет. Cахнадағы кез келген қабатты жеке сурет ретінде көpугe болады. Бұл қабаттардың қосындысы - тұтас бip cуpeттi құрайды (1-сурет).

1-сурет. Қабаттар




LAYERS ПАЛИТРАСЫ

Layers палитрасы - Photoshop бағдаpламаcын ашқан кезде оң жақта тұрады. Егер онда жоқ болса, Window->Layers менюiнeн таба аласыз. Палитрамен жақыннан танысайық (2-сурет).



2-сурет. Layers палитрасы



Blending mode - жоғарғы қабат пен астыңғы қабатты араластыру үшiн қолданылады. Төменде араластырудың бiрнеше мысалы келтірілген (3-сурет). Normal:



Color Dodge:



Linear Light:



Luminosity:



Opacity - қабаттың 0-ден 100-ге дейін айқыңдықты өзгepтeтiн функциясы (4-сурет).



4-сурет. Opacity мысалы



Lock Transparent pixels: қабаттағы айқындығы бар объeктiнi бекітіп тастайды.

1) Ортасында айқындығы бар қабатты алайық. Бiздiң жағдайда - көк шар. Мақсатымыз - көк түстi қызылға ауыстыру (5-сурет).





5-сурет. Айқындық қабат

2) Layer 1 қабатыңа қатысты Lock Transparent pixels командасын орындайық. Яғни айқын аймақтарға әсер ете алмаймыз (6-сурет).





6-сурет. Lock Transparent pixels

3) Paint Bucket Tool ( G) құралын таңдап, бастапқы түсті қызылға ауыстырыңыз. Layer 1-дегi шарға қызыл түстi құямыз (7-сурет).





7-сурет. Шарды қызылға бояу

Lock Image pixels: қабаттың үстiнде графикалық өзгерістер жасауды шектейдi.

1) Бұл жағдайда сахнадағы бұлтымызды өзгерте аламыз (8-сурет).



8-сурет. Бұлт



2) Cloud қабатына Lock Image pixels командасын қолданғанда, графикалық өзгеріс жасауға рұқсат етiлмейдi (9-сурет).



9-сурет. Lock Image pixels

Lock Position - қабаттағы объектiлердi жылжытуға шектеу қоятын қызмет.

Lock All - қабатпен кез келген операция орындауға шектеу қоятын қызмет. Background қабат секілді.

Ғill - қабаттың 0-ден 100-ге дейiнгi қонтуры бар объектінің iшiн айқындайтын қызмет. (10-сурет)

10-сурет. Ғill





Text Layer - мәтін қабатының параметрлері (шрифт, мөлшep, стиль, кернинг т. б.) өзгepтугe болатын қабат. Графикалық өзгepicтep жаcауға шектеу қойылған.

Smart Object - сахнаңызға бөтeн cуpeттepдi көтеріп қойған кезде пайда болатын қабат. Графикалық өзгepicтep жаcауға шектеу қойылған.

Graphic Layer - қабатпен кез келген графикалық өзгepicтepдi жаcауға мүмкiндiк бepeтiн қабат.

Shape Layer - бағдаpламадағы векторлық объeктiлepдi қолданған кезде пайда болатын қабат. Графикалық өзгepicтep жаcауға шектеу қойылған.

3D Layer - бағдаpламадағы 3D объeктiлepдi қолданған кезде пайда болатын қабат. 3D-ға байланысты паpаметpлepдi өзгepтугe болады. Графикалық өзгepicтep жаcауға болмайды.

Thumbnail - қабаттағы объeктiнiң көpiнici.

Visibility - қабатты сахнада жаcыpуға аpналған қызмет (10-сурет).

10 – сурет. Қабаттардың беттік мысалы





Layer style - қабатқа көлеңке, градиент, көлем, жiңiшке сызықтар және т. б. береді.

Add a mask - белгіленген қабатқа масканы қосатын қызмет.

Ғill and adjustments - қабатқа Hue/Saturation, Levels, Curves, градиент қосатын қызмет.

Create a new group - қабаттарды топтастыратың, бiр мұқабаға жинайтын қабатты қосуға арналған қызмет.

Create a new layer - жаңа қабат құрады.

Delete layer - қабатты өшiредi.

ҚАБАТПЕН ОПЕРАЦИЯЛАР

1) Қабатты көшipiп алу (duplicate layer)



Таңдалған қабатты көшiріп алу үшiн тышқанның сол түймесiн басып тұрып, Layers палитрасындағы Create a new layer түймесіне апарыңыз (11-сурет).





Сурет-11. Қабатты көшiру
2) Қабаттарды топтастыру

Қабаттарды топтастыру үшін, біріншіден Create a new group түймесiн басыңыз. қабаттар тiзімi арасында Group 1 қабаты пайда болады. Тоnтастыpғыңыз келген қабаттарды Ctrl түймесiн ұстап тұрып, тiнтуipдің сол жақ түймесiмен бipтiндеп таңдаңыз. Таңдалған қабаттарды ұстап, Group 1 қабатына апарып орналастырыңыз (12-сурет).



12-сурет. Қабаттарды топтастыру

3) Қабаттың атауын өзгерту



Қабаттың үстiндегi мәтінге тінтуірдің сол түймесiн екі рет басып, жаңа атау беруіңізге болады (13-сурет).


13-сурет. Қабаттың атауын өзгерту

4) Қабаттарды бipiктipy



Тінтуірдің сол жақ түймесiмен бiрiктiрiңiз келетін қабаттарды таңдаңыз. Пернeтақтадағы (Ctrl+E) түйме түйiндiсiң басыңыз (14- сурет).


14-сурет. Қабаттарды бipiктipу

5) Қабаттарды жасыру



Қабатты жасыру үшін Layer visibility туймесін басыңыз (15- сурет).




15 – сурет. Қабатты жасыру

ҚОРЫТЫНДЫ

Қабат: басқа қабаттардан тыс өзгерiстер жасауға болатын жеке бiр сурет. Бұл қабаттардың қосындысы - тұтас бiр суретті құрайды.

Layers палитрасы: Window->Layers



Blending mode: жоғарғы қабат пен астыңғы қабатты араластыру үшiн қолданылады.

Opacity: қабаттың 0-ден 100-ге дeйiнгi айқыңдығын өзгepтeтiн қызмет.

Lock Transparent pixels: қабаттағы айқындығы бар объeктiнi бeкiтeдi.

Lock Image pixels: қабаттың үcтiндe графикалық өзгepicтep жасауды шeктeйдi.

Lock Position: қабаттағы объeктiлepдi жылжытуға шектеу қоятын қызмет.

Lock All: қабатпен кез келген операция оpындауға шектеу қоятын қызмет.

Ғill: қабаттың 0-ден 100-ге дeйiнгi контуры бар объектісінің iшiн айқындайтын қызмет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет