Алгоритмдердің базалық құрылымдары
Күрделі алгоритмдерді құру үшін қарапайым бірыңғайлан-ған алгоритмдік құрылымдар қолданылады. Олар сызықтық, тармақталу жəне цикл құрылымдарынан тұрады (2-кесте).
Программалау теориясында кез келген күрделі програм-маны үш түрлі құрылымнан құрастыруға болатыны дəлелден-ген, олар: сызықтық, тармақты жəне циклдік құрылымдар. Осы үшеуі құрылымдық программалаудың негізгі конструкциялары, яғни құраушылары болып саналады.
Сызықтық құрылым бірінен кейін бірі орындалып тізбек-теле орналасқан бірнеше операторлардан тұрады.
Тармақты – шартқа байланысты екі оператордың бірінің орындалуы
Цикл – операторлар бөлігінің бірнеше рет қайталана орын-далуы.
Оператор – тілдің қарапайым сөйлемі, ол белгілі бір əрекет немесе амал орындап, «;» таңбасымен аяқталады.
Негізгі конструкцияларды пайдалану мақсаты – қарапайым құрылымды программалау болып саналады. Мұндай программа-лар оңай оқылады, түзетіледі жəне керек болса, оңай өзгертіледі. Құрылымдық программалауда goto операторын қолдануға бол-майды, өйткені ол программа логикасын түсінуді қиындатады. Бірақ кейде goto операторын қолдану қажет болатын кездер болады.
2-кесте
Алгоритмдердің бірыңғай құрылымдары
Сызықтық
құрылым
Тармақты құрылым
Циклдік құрылым
1.1-сурет. Алгоритм схемасы
Программа жұмысын басқару операторларын программаның
басқарушы конструкциясы деп атайды. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |