Алгоритмдердің базалық құрылымдары


Сызықтық құрылымды алгоритм



бет2/5
Дата07.09.2023
өлшемі460,96 Kb.
#106383
түріПрограмма
1   2   3   4   5
Сызықтық құрылымды алгоритм немесе қарапайым сызықтық алгоритм іс-əрекеттердің орындалу ретіне қарай тізбектеле орналасқан блоктардан тұрады. Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тəртібін табиғи атқарылу дейді.

Мысалы, y= a+b формуласы бойынша есептеу тіктөртбұрыш арқылы кескінделетін есептеу блогы (3-блок) арқылы өрнектеледі. Ал нəтижені қағазға басу үшін көпбұрышты құжат алу блогын (4-блок) пайдаланып, оның ішіне нəтиженің атауларын жазамыз. Жоғарыда көрсетілген y=a+b формуласымен есептеу үшін a əне b-ның сандық мəндерін ЭЕМ-ге енгізіп (2-блок), содан кейін қосу амалын орындап, ақырында y-ті қағазға басып шығарып, жұмысты тоқтатамыз. Осы алгоритмнің схемасы 1.1-суретте көрсетілген.



  1. Тармақталу алгоритмдері. Тұрмыста кездесетін алгорит-мдер əр түрлі болып келеді. Олардың жиі кездесетін түріне алгоритмнің белгілі бір шарттың орындалуына не орындалмауы-на байланысты тармақталып бірнеше жолдарға бөлінуі жатады.

Тармақталу алгоритмінің құрылымы қарапайым болып ке-леді. Мұнда арифметикалық теңсіздік (теңдік) түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер ол орындалса, онда алгоритм бір жолмен, ал орындалмаса екінші жолмен жүзеге асырыла-ды, яғни есепті шығару жолы тармақталып екіге бөлініп кетеді. Тармақталу алгоритмдеріне шартты тексеру блогы міндетті түрде кіреді. Ол ромб түрінде кескінделіп, басқа блоктармен 1 кіру жəне 2 шығу сызықтары арқылы байланысады. Көбінесе тармақталу алгоритмдері екі түрде кездеседі, олар «таңдау» жəне «аттап өту» мүмкіндіктерін іске асыруға көмектеседі.


«Таңдау» жолымен тармақталуда берілген шарт тексеріледі (1.2-сурет), егер ол шарт орындалса (орындалуы ақиқат бол-са), онда 2-амал жүзеге асырылып, содан кейін келесі 3-амалға көшеміз. Ал, егер де шарт орындалмаса, яғни оның орындалу мүмкіндігі жалған болса, онда 1-амал атқарылып, содан кейін 3-амал атқарылады. Сонымен, шарттың ақиқат немесе жалған бо-луына байланысты 1-амал немесе 2-амал орындалады.


«Аттап өту» (1.3-сурет) алгоритмінде шарт орындалса, 1-амалды аттап өтіп, бірден 2-амалды, содан кейін 3-амалды орындаймыз. Ал шарт жалған болса, онда 1-амал міндетті түрде орындалып, одан кейін 2- жəне 3-амалдар жүзеге асырылады. Тармақталу кезеңінде шартты тексеру блогы орындалуы ба-рысында, алгоритмнің екі мүмкіндігінің тек біреуі ғана таңдап


алынып жүзеге асырылады да, ал екінші таңдап алынбаған тар-мақ біріктіру нүктесіне дейін орындалмай қалады. Енді осыған нақты мысалдар келтірейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет