Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Асқазан сөлін фракциялық әдіспен зондтау арқылы зерттеуге алу



бет108/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Асқазан сөлін фракциялық әдіспен зондтау арқылы зерттеуге алу
(парентеральді тітіркендіргіш арқылы)
Мақсаты: Зерттеуге асқазан сөлін алу.
Көрсетім: Дәрігердің тағайындауымен.
Қарсы көрсетім: Асқазаннан қан кету, ісіктер, бронх астмалары, жүрек ауруларының ауытқулары.
Науқасты дайындау: Таңертең, ашқарынға.
Жабдықтар:
1)Заласыздандырылған,жылы және ылғылды,жіңішке зонд, ұшында тесіктері бар диаметрі 3-5 мм резеңке түтік
2) 9 этикеткасы бар таза банкалар.
3)Асқазан сөлін алуға арналған көлемі 20,0 мл залалсыздандырылған шприц.
4) Тітіркендіргішті енгізуге арналған көлемі 2,0 мл шприц.
5) Тітіркендіргіш:0,5% гистамин ертіндісі, 0,025% пентагастрин ертіндісі.
6) Қолғап,орамал,лоток,жолдама:
Бөлімше№ палата №
Жолдама
Клиникалық лабораторияға
Парентеральды тітіркендіргіш көмегімен алынған асқазан сөлі
Үлес №
Науқастың аты-жөні.
Күні м/б қолы
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Зондты енгізу іс-әрекет алгоритмі:
1.Науқасқа емшараның өту барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2. Науқасты ыңғайлы отырғызу: орындыққа арқасын тақап,басын алға қарай еңкейтіңіз.
3.Қолыңызды жуып,қолғап киіңіз.
4.Науқастың мойнына және кеудесіне сүлгіні жауып, ,егер жасанды тіс протездері болса, оларды алып тастаңыз.
5.Зондтың ұзындығын есептеу: 45 см (кіндігінен төменгі иегіне дейін және науқастың алақанының көлденең ұзындығы)
6. Оң қолыңызбен залалсыздандырылған пинцетпен зондты алыңыз, ал сол қолмен оның бос ұшын ұстау керек.
7.Қайнатылған жылы суға малыңыз немесе залалсыздандырылған вазелин майын жағыңыз.
8.Науқастан аузын ашуын сұраңыз..
9.Зондтың шетін тіл түбіріне салып, науқасқа терең дем алып,жұтыну қимылын істеуін сұраңыз.
10 Зондыны жайлап белгіге дейін енгізу керек.


Зерттеуге материал алудың іс-әрекет алгоритмі:
1.20,0 мл шприцпен ашқарында бір порциясын алыңыз.
2.Бір сағаттың ішінде әр 15 минут сайын 4 үлес жинап алу. Үлес:1,2,3,4
3.0,1% гистамин ертіндісін тері астына енгіз: 0,1% мл х-10 кг массада,науқасқа тері қызаруы,бас айналуы,жүрегі айнуы болуы мүмкін екенің ескерту керек. (Пентагастрин арнайы кесте бойынша енгізіледі, нұсқаулықты қырыңыз)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет