НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Зондтың ұшы ұлтабарда екеніне көз жеткізу қажет, тексеру әдістері: 1 әдіс-визуальді
20 мл шприцті зондтың бос ұшына қосып, поршеньді тарту керек, егер шприцте сары-алтын түстес сұйықтық пайда болса ол өт сөлі. Зонд ұлтабарда тұр дегенді білдіреді.
2әдіс – 20 мл шприцке ауаны сорып алып, зондпен жіберіңіз, егер науқастың ішінен дыбыс естілсе, зонд асқазанда, ал ешқандай да дыбыс болмай науқаста дискомфорт болмаса онда зонд ұлтабарда екенін білеміз.
3 әдіс- рентгенологиялық.
Рентгенологиялық кабинетке науқасты әкеліп, рентгенолог қарап, сол уақытта зондтың ұшының қайда тұрғанын айтып береді.
Назар аударыңыз! Егер зондтың ұшы асқазанда болса,онда зондты 7 белгісіне дейін кері шығару керек, зонд арқылы 100 мл 2-4% сода ертіндісін шприц арқылы жіберіңіз, 38 0 С дейін жылытыңыз.Содан кейін зондты 9 белгісіне дейін енгізген соң, ұшы жеткендігін тексеру.
Зерттеу материалын алудың іс –әрекет алгоритмі: 1.Зондты пробирканың түбіне дейін түсіріңіз,ол 9 белгісіне дейін қозғалғанда (қысқашты босатыңыз).Ақшыл сары түсті, мөлдір, созылмалы ұлтабар сөлі бөліне бастайды (әдетте бұл сұйықтық өзінен-өзі бөлінбейді,алдымен зондтың шетіне шприцті орнатып поршеньді өзіңе қарай тарту керек.Сұйықтық пайда болғаннан кейін зондтың сыртқы ұшын пробиркаға түсіріңіз) Бұл А үлесі Назар аударыңыз: 10-15 мл-ден 2-3 пробирка А порциясын жинауга болады.Зертханада асқазан сөлінсіз тек қана А үлесін зерттейді.Пробирканы жылы суы бар стаканға орналастырады.
2.Зондтың сыртқы ұшын қысқашпен бекітіп,науқасты шалқасынан жатқызыңыз.
Қысқышты ағытып, 33% магний сульфатының жылы ертіндісін енгізіңіз (немесе 40% глюкоза немесе күнбағыс майын) шприцті оймыш ретінде пайдаланып 25-50 мл зонд арқылы жіберіңіз (Одди сфинктрінің ашылуы үшін).
Зондтың бос ұшына 10-20 минут қысқышты салыңыз (немесе зондты байлап қойыңыз).
Науқастан қайтадан оң қырынан жатуын сұраңыз.
Зондтың сыртқы ұшын келесі пробиркаға салыңыз,қысқышты босатыңыз сол кезде қоңыр мөлдір,созылмалы сұйықтық шығы бастайды (бос шприцті зондтың сыртқы ұшына жалғаңыз кейін поршеньді өзіңізге қарай тартыңыз,содан кейін зондтың сыртқы ұшын пробиркаға салыңыз). Бұл «Б» үлесі өт қабының сұйықтығы 10-15 мл зерттеуге жинап алыңыз. Өт сұйықтығы 50 мл дейін бөлінеді.
Зондтың ұшын басқа пробиркаға орналастырыңыз, мөлдір,ашық-сары түсті,созылмалы өт сұйықтығы пайда болады. Бұл «С» үлесі бауырдағы өт жолының сұйықтығы.10-15 мл жинап алыңыз.
Зондты қарапайым тәсілмен суырып алыңыз.
Зондты және басқа да пайдаланылған заттарды зарарсыздандырыңыз (бұйрық бойынша)