Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


IV.НАУҚАСТЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ГИГИЕНАСЫ



бет24/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   118
IV.НАУҚАСТЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ГИГИЕНАСЫ
Төсек жаймаларын ауыстыру
Мақсаты: Жағдайы ауыр науқастарға дұрыс төсек дайындау, өйткені оларда ойықтар пайда болу қаупі жоғары немесе ойық жара бар. Төсек жағдайын бақылаудың және терінің тазалығын бақылаудың маңызы аса зор. Төсектерін ауыстырған сайын мейірбике науқастардың тері жағдайын қарап, бақылап отыруға міндетті.
Көрсетім: Төсекті әрбір 7-10 күнде бір рет ауыстырып отыру керек. Қажет жағдайда жиірек ауыстырады.
Жабдықтау: таза төсек жаймалары, қолданылған төсек жабдықтарына арналған клеенка қапшық,қолғап.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолыңызды жақсылап жуып құрғатқаннан кейін қолғапты киіңіз.

  2. Науқасқа емшараның барысын айтып, түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  3. Жалпы немесе жартылай төсек тәртібіндегі науқастар кереуетті өздері босатады, ал мейірбике төсек жабдықтарын ауыстырады. Төсек тәртібіндегі ауыр жағдайдағы науқастардың төсегін мейірбике екі түрлі әдіспен орндауына болады:

І әдіс: - төсекте қозғалуға, бұрылып жатуға рұқсат етілген науқастардың төсек орнын ауыстырғанда қолданылады.

  1. Науқасты жайлап бір жақ қырына бұрыңыз, жастығын алып тастаңыз.

  2. Қолданылған ақжаймалардың босаған бөлігін бинт сияқты етіп ораңыз, кереуеттің бойымен.

  3. Босаған жерге ұзынынан оралған таза ақжайманы салыңыз.

  4. Науқасты екінші қырына ауыстырыңыз, таза ақжаймаға қарай.

  5. Қолданылған ақжайманы кереуеттен алып тастаңыз.

  6. Таза ақжайманы жақсылап жазыңыз, бүктеліп қалған жерлері болмау үшін.

  7. Жастығын салып науқасқа жамылғы көрпесін жабыңыз.

  8. Қолданылған төсек жабдықтарын клеенка қапшыққа салып, төсек жабдықтарына жауап беретін кіші мейірбикеге тапсырыңыз.

  9. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

  10. Бөлмені желдетіп, еденін жуып шығыңыз.

ІІ әдіс- Науқастың төсектегі қалпын өзгертуге болмайтын жағдайларда қолданылады. Төсек жабынын ауыстыру көмекшінің қатысуымен іске асырылады.

  1. Таза ақжайманы ені бойынша шиыршықтап ораңыз.

  2. Көмекші науқасты басынан бастап денесінің әр бөлігін аздап көтеріңкіреп ұстап төсегін ауыстыруға көмектеседі.

  3. Мейірбике ақжайманы бас жағынан бастап ауыстырады. Қолданылған ақжайманы шиыршықтап орап алып, оның орнына тазасын жазып салады.

  4. Таза ақжайманы жақсылап жазып салады, бүктелген жерлері болмауы керек.

  5. Науқастың басына жастығын салып, үстін көрпесімен жабыңыз.

  6. Қолғапты шешіп, қолды жуу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет