Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет32/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Көзді сүрту
Мақсаты: Науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Көрсетім: Көзден бөліністер пайда болғанда
Жабдықтау: залалсыздандырылған қолғап, 2 науа (біреуі залалсыздандырылған), залалсыздандырылған мақта шариктері, антисептикалық ерітінді (1:5000 фурациллин ерітіндісі, 2 % сода ер-сі, 0,5% калий перманганат ер-сі), пинцет.
Көзде бөліністер пайда болған жағдайда, кірпіктердің жабысқақтығында және ертеңгілік жуыну барысында көзді жуу қажет.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолыңызды мұқият жуып, залалсыздандырығна қолғапты киіңіз.

  2. Залалсыздандырылған науаға 8-10 залалсыздандырылғаншариктерді салып, үстіне қайнаған су немесе антисептикалық ерітіндімен (1:5000 фурациллин ер-сі, 2 % сода ер-сі, 0,5% калий перманганат ер-сі) сулаңыз.

  3. Мақта шариктерін сығып алып, кірпіктерді көздің сыртқы бұрышынан ішкі бұрышына қарай сүртіңіз.

  4. Мақта шариктерін ауыстыра отырып 4-5 рет қайталап сүртіңіз.

  5. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.



Мұрын қуысын шырыштар мен қабыршақтардан тазарту
Мақсаты: Мұрын жолдарын шырыштар мен қабыршақтардан босату
Көрсетім: қалі ауыр науқастар
Жабдықтар: қолғап, 2 науа (лоток), мақта турундалары, вазелин майы (күнбағыс майы немесе глицерин) .
Өз бетімен жүре алатын науқастар күнделікті жуыну кезінде мұрын тазалығын қадағалайды. Ал, ауыр науқастаға мұрын арқылы дұрыс, қалыпты тыныс алулары үшін, мұрын тазалығын сақтай алмағандықтан, оны тазалап отыру керек.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолыңызды жуып, қолғапты киіңіз.

  2. Жатқызып немесе отырғызып науқастың басын сәл бұрып қоясыз.

  3. Мақта турундасын вазелинмен немесе маймен майлайсыз.

  4. Мақта турундасын мұрынға енгізіп, оны 2-3 минут айналдырасыз.

  5. Мақтаны ауыстырып, қайталаңыз.

  6. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Ескерту: майлардың біреуін алдымен мұрынға тамызып алып барып та тазалауға болады, ал мұрын қуысындағы шырыштарды құрғақ турундамен тазалау керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет