Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Көк тамыр холеграфиясына науқасты дайындау



бет101/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Көк тамыр холеграфиясына науқасты дайындау
Өт қабын және өт жолдарын рентгенологиялық тексеру – бұл бауырдың йод құрамды заттарды бөлу қабілетін тексеру және өт жолдарының бейнесін алу. Холеграфия контрастты затты (билигност, билиграфин, эндографин және т.б.) парентералды жолмен енгізуге негізделген.
Мақсаты: өт қабының көлемін, функциясын, орналасуын анықтауға, өт қабының ағымының және ішкі , сыртқы өт жолдарының ағымының өтуін анықтау
Көрсетім: өт қабының және өт жолдарының аурулары
Қарсы көрсетім: жоғарғы қызба мен бауырдың қабыну аурулары, геморрагиялық диатез, йод, тиреотоксикоз препараттарына жоғары сезімталдық.
Асқынулар: йод препараттарына аллергиялық әсер
Жабдықталуы: контрастылы парентеральдық йод құрамды зат 20-30 мл, көк тамырға егу жасауға жабдықталған лоток, анафилактикалық шок кезінде көмек көрсетуге арналған жиынтық, жолдама (тексеру әдісін, науқастың аты жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихының нөмірін, диагнозын, тексеру күнін көрсетіңіз), Холеграфияны дәрігер жүргізеді.
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа (немесе оның жанұя мүшесіне) алдағы тексеру туралы мәлімет беріңіз.

  2. Науқастан тексеруді өткізуге келісімін алыңыз.

  1. Контраст затқа сезімталдықты анықтау үшін сынама жүргізіңіз.

  2. Тексеру алдынан 1 -2 күн бұрын - көк тамырға 1 мл жылытылған t°- 37°C кон­трастылы затты енгізіңіз.

  3. Науқасқа тексерудің таңертен аш қарныға өткізілетінін айтыңыз.

  4. Тексеру алдынан науқасқа тазарту клизмасын қойыңыз.

  5. Науқасты белгіленген уақытта ауру тарихымен рентгенологиялық кабинетке апарыңыз.

Рентгенологиялық кабинеттегі мейірбикенің іс әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа арқасымен жатуға көмектесіңіз.

  2. Науқасқа дәрігердің тағайындауымен көк тамырға 20-30 мл t°- 37°C жылытылған контраст затты енгізіңіз

  3. Науқасқа көлемді суреттер, кейін белгілі уақыт аралығында сурет сериялары орындалады. Рентгенологиялық тексеру кезінде мейірбике рентген кабинетінен шығады.

  4. Тексеруден кейін науқасты палатасына апарыңыз. Бақылау және тыныштық орнатыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет