Ескерту: сынама және енгізу кезінде құрамында йоды бар препараттар жақпаса, барлық мөлшер қарсы көрсетілген.
Холецистографияға науқасты дайындау Өт қабын және өт жолдарын рентгенологиялық тексеру – бұл бауырдың йод құрамды заттарды бөлу қабілетін тексеру. Холеграфия контраст затты (билитраст, холевит,селектан, теленак және т.б.) ауыз арқылы енгізуге негізделген.
Мақсаты:өт қабының және өт жолының ұзындығын, көлемін, кұрамын және функциясын, орналасуын анықтау, өт қабы ағымының өтуін анықтау.
Көрсетім: өт қабының және өт жолдарының аурулары.
Қарсы көрсетім: жіті бауырдың қабыну аурулары, геморрагиялық диатездер, йод, тиреотоксикоз препараттарына жоғары сезімталдық.
Асқынулар: йод препараттарына аллергиялық әсер, құсу, жүрек айну, дәрі қабылдағаннан кейінгі сұйық дәрет
Жабдықталуы: ауыз арқылы контраст зат (1 г 20 кг дене салмағына), тәтті шай, 20 г сорбит, анафилактикалық шок кезінде көмек көрсетуге арналған жиынтық, жолдама (тексеру әдісін, науқастың аты жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихының нөмірін, диагнозын, тексеру күнің көрсетіңіз), Холеграфияны дәрігер жүргізеді.
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа (немесе оның жанұя мүшесіне) алдағы тексеру туралы мәлімет беріңіз.
2.Науқастан тексеруді өткізуге келісімін алыңыз.
Науқасты контрастты зат қабылдағанда болатын жүрек айну және сұйық дәрет туралы ескертіңіз.