Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет99/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   118
Қарсы көрсетім: жаралардан қан кетулер.
Жабдықталуы: Эсмарх кружкасы, залалсыздандырылған ұштық, вазелин, шпатель, клеенка, жаялық, штатив, барий сульфатының қоспасы (100-150 г), резеңке қолғаптар, жолдама (тексеру әдісін, науқастың аты жөның, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихының нөмірін, диагнозын, тексеру күнін көрсетіңіз), залалсыздандырушы ерітінді, дәретсауыты. Рентгенологиялық тексеруді дәрігер жүрізеді.
Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасқа (немесе оның жанұя мүшесіне) алдағы тексеру туралы мәлімет беріңіз.

  2. Науқастан тексеруді өткізуге келісімін алыңыз.

  3. Тексеру алдынан 2-3 күн бұрын науқастың тамақтану рационынан газ жинайтын тағамдарды (көкөністер, жемістер, сүт, қара нан) алып тастайды.

  4. Науқасқа тексерудің таңертен ашқарынға өткізілетінін айтыңыз. Тексеру алдында кешкісін науқас тамақты соңы рет 20 сағатқа дейін ішуі керек.

  5. Іш қату болған жағдайда дәрігердің тағайындауымен тазарту клизмасы қойылады.

6. Науқасты белгіленген уақытта рентген кабинетіне ауру тарихымен бірге апарыңыз.
Рентгенологиялық кабинеттегі мейірбикенің іс әрекет алгоритмі:

  1. Тексеру алдында науқасқа барий сульфатының қоспасын ішкізіңіз (100-150 г бір стақан суға).

  2. Сурет түсірімі кезінде мейірбике рентген кабинетінен шығады.

  3. Тексеруден кейін науқасты бөлмесіне апарыңыз.



Науқасты ирригоскопияға дайындау
Тоқ ішекті рентгенологиялық тексеру – бұл рентген сәулелерімен қуыс ағзаларды контраст затты қолдану арқылы тексеру (барий сульфаты)
Мақсаты: тоқ ішектің бөлімдерінің орналасуын, ұзындығын, орналасуын, тонусын, көлемін, қозғалу функциясын диагностикалық рентгенологиялық тексеру, шырышты қабатындағы қабыну процестерін, ісіктер, жаралар, эрозияны анықтау.
Көрсетім: тоқ ішектің барлық аурулары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет