Оң қолмен зондтың ұшын залалсыздандырыған пинцетпен ұстап, сол қолмен еркін ұшын ұстаңыз.
Науқасқа ауызын ашып отыру қажеттігін түсіндіріңіз.
Зондтың бір ұшын тілдің түбіне салып, мұрын арқылы терең тыныс ала отырып, бірнеше жұтыну актілерін жасау қажеттігін түсіндіріңіз.
Зондты керекті белгіге дейін енгізіңіз.
Тексеруге алынатын материалды жинау алгоритмі: 1. 20,0 мл шприц арқылы ашқарынға алғашқы үлесті алыңыз (нөлдік үлес).
2. 38 0 С жылытылған орамжапырақ қайнатпасын 200,0 мл мөлшерде Жане шприці арқылы енгізіңіз;
3. 10 минуттан соң асқазан ішіндегі затты Жане шприці арқылы алыңыз – І үлес;
4. 15 минуттан соң асқазан ішіндегі барлық затты Жане шприці арқылы алыңыз – ІІ үлес;
5. Әр 15 минут сайын 1 сағат ішінде 4 үлесті асқазан сөлін алыңыз. Әр алған сайын №3,4,5,6,7,8 флакондарына құйыңыз.
6. Клиникалық зертханаға асқазан сөлі алынған 8 флаконды жолдамамен жіберіңіз.