Мақсаты: АІИ алдын алу.
Міндетті шарттары: -Түпкілікті жинау аптасына 1 рет жүргізіледі.
-Барлық жинастыру құралдары (шелек,табақ,шүберек,швабр) арнайы таңбаланылуы, қатаң тағайындау бойынша қолданылуы және бөлек сақталуы тиіс.
-Түпкілікті жинауды мейірбике мен санитарка аға мейірбикенің бақылауымен өткізеді.
Жабдықтар: 50 г синтетикалық жуғыш ұнтақ, 0,015% жавель ерітіндісі, залалсыздандырылған шүберек, залалсыздандырылған халат,бетперде,жинастыру құралдары.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Барлық жиһаздар мен мед.бұйымдарды бөлменің ортасына ысырады.
2. Бөлмені 0,5% жуу ерітіндісімен (50 г синтетикалық жуғыш ұнтақты 10 л суға) жоғарыдан төменге, терезеден есікке қарай жуады.
3. Таза сумен жуады.
4.Бөлмені дезинфекциялау ҚР санитариялық эпидемиологиялық қадағалау мекемелері мен органдары рұқсат еткен зарарсыздандырушы құралдарымен жүргізіледі: 0,015 % жавель ерітіндісі (1 табл+10л су) экспозиция 60 мин.
5. Зарарсыздандыру уақыты аяқталғасын бір реттік залалсыздандырылған шүберекпен, сумен жуады.
6. Бактерицидтік шаммен сәулелендіру уақыты 2 сағат.
7.Ауа алмастырылады 15 минут.
ЕСКЕРТУ: Апта сайын зарарсыздандырушы ерітінділерін алмастырып тұрады.
ІІ. ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІ НАУҚАСТАРДЫ СТАЦИОНАРҒА ҚАБЫЛДАУ Науқасты кресло-каталкамен тасымалдау Мақсаты: Өздігінен жүре алмайтын науқастарды тасымалдау
Көрсетім: тірек-қозғалыс аппаратының аурулары, науқастың жағдайы
Жабдықтар: кресло-каталка
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Кіші мейірбике аяқ тұғырына аяғымен басып кресло-каталканы алдына еңкейтеді.
Науқасты аяқ тұғырына тұруға сұраңыз, содан соң науқасты сүйеп креслоға отырғызыңыз.
Есте сақтаңыз! Науқасты бөлімшеге тасымалдаудың әр түрінде шығарып салушы науқасты және оның медициналық картасын палаталық мейірбикесіне беруге міндетті.