Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Мақсаты: АІИ алдын алу. Міндетті шарттары



бет14/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   118
Мақсаты: АІИ алдын алу.
Міндетті шарттары:
-Түпкілікті жинау аптасына 1 рет жүргізіледі.
-Барлық жинастыру құралдары (шелек,табақ,шүберек,швабр) арнайы таңбаланылуы, қатаң тағайындау бойынша қолданылуы және бөлек сақталуы тиіс.
-Түпкілікті жинауды мейірбике мен санитарка аға мейірбикенің бақылауымен өткізеді.
Жабдықтар: 50 г синтетикалық жуғыш ұнтақ, 0,015% жавель ерітіндісі, залалсыздандырылған шүберек, залалсыздандырылған халат,бетперде,жинастыру құралдары.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Барлық жиһаздар мен мед.бұйымдарды бөлменің ортасына ысырады.
2. Бөлмені 0,5% жуу ерітіндісімен (50 г синтетикалық жуғыш ұнтақты 10 л суға) жоғарыдан төменге, терезеден есікке қарай жуады.
3. Таза сумен жуады.
4.Бөлмені дезинфекциялау ҚР санитариялық эпидемиологиялық қадағалау мекемелері мен органдары рұқсат еткен зарарсыздандырушы құралдарымен жүргізіледі: 0,015 % жавель ерітіндісі (1 табл+10л су) экспозиция 60 мин.
5. Зарарсыздандыру уақыты аяқталғасын бір реттік залалсыздандырылған шүберекпен, сумен жуады.
6. Бактерицидтік шаммен сәулелендіру уақыты 2 сағат.
7.Ауа алмастырылады 15 минут.
ЕСКЕРТУ:
Апта сайын зарарсыздандырушы ерітінділерін алмастырып тұрады.


ІІ. ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІ
НАУҚАСТАРДЫ СТАЦИОНАРҒА ҚАБЫЛДАУ
Науқасты кресло-каталкамен тасымалдау
Мақсаты: Өздігінен жүре алмайтын науқастарды тасымалдау
Көрсетім: тірек-қозғалыс аппаратының аурулары, науқастың жағдайы
Жабдықтар: кресло-каталка
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Кіші мейірбике аяқ тұғырына аяғымен басып кресло-каталканы алдына еңкейтеді.

  2. Науқасты аяқ тұғырына тұруға сұраңыз, содан соң науқасты сүйеп креслоға отырғызыңыз.

  3. Кресло-каталканы негізгі орынына келтіріңіз.

  4. Тасымалдауында науқастың қолдары кресло-каталканың сыртына шықпауын байқаңыз.

Есте сақтаңыз!
Науқасты бөлімшеге тасымалдаудың әр түрінде шығарып салушы науқасты және оның медициналық картасын палаталық мейірбикесіне беруге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет