Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет16/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Науқастың бойын өлшеу
Мақсаты: диагностикалық
Көрсетім: науқас ауруханаға түскенде бойды өлшеу,семіздікті,гипофиз қызметінің бұзылуын анықтау, т.б.
Қарсы көрсетім: науқас жағдайының ауыр болуы.
Жабдықтар: тік бойөлшеуіш; зарарсыздандырылған клеенка 30x30 см , дез.ерітінді бар сыйымдылық, қолғаптар, қағаз,қалам,ҚКЖҚ
Міндетті шарттары: Бойды өлшеу кезінде науқас бас киімі мен аяқ киімін шешеді.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:

  1. Науқасқа өткізілетін зерттеу жайында оның мақсаты мен дайындалу шарты туралы түсіндіріңіз.

  2. Қолды жуып, қолғапты киіңіз.

  3. Бойөлшеуіш кеңістігіне зарарсыздандырылған клеенканы төсеңіз

  4. Мейірбике бойөлшеуіштің жанынан тұрып, планшетканы науқастың бойынан жоғары көтеру керек.

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасты бойөлшеуіштің кеңістігіне шкаласы бар тірегішке арқасын сүйеп жауырындары, жамбасы, өкшесі тиіп тұратындай етіп, тұрғызу керек.

  2. Көздің және құлақтың сыртқы шеті бір деңгейде болатындай басын орналастыру керек.

  3. Бойөлшеуіштің планшеткасын науқастың басының төбесіне дейін түсіріңіз.

  4. Бойөлшеуіштің планшеткасынан науқастың шығуына көмектесіңіз.

  5. Науқастың бойының мәліметін тіркеңіз.

ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:

  1. Клеенканы алып екі қайтара зарарсыздандырушы ерітіндімен өңдейді.

  2. Қолғапты шешіп ҚКЖҚ-қа салады,қолды жуады.



Науқастың кеуде торы аумағын өлшеу
Мақсаты: диагностикалық
Көрсетім: науқастың кеуде торы аумағын өлшеу
Жабдықтар: сантиметрлік лента; 70% спирт, зарарсыздандырушы ерітінді, қолғап, қағаз,қалам.
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:

  1. Сырқатқа өткізілетін зерттеу жайында оның мақсаты мен дайындалу шарты туралы түсіндіріңіз.

  2. Қолды жуып, қолғапты киіңіз.

  3. Науқастың қолдарын екі жаққа созып тұруын сұраңыз.

ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Сантиметрлік лентаны арқа жағынан жауырынның төменгі бұрышының астынан,алдынан 4-ші қабырғаның бойымен, ер адамдар мен балалардың кеуде айналасындағы дөңгелектердің төменгі шетінен немесе әйелдерде кеуде бездерінің астынан қабырғалары төске қабыстырылатын жерден.

  2. Кеуде торының шеңберін өлшеуді сантиметрлік лентамен үш күйде жүргізеді: тыныш жағдайда, толық дем алғанда, ең көп дем шығарғанда.

  3. Мәліметті тіркейді:

  • КТШ тыныш жағдайда ___________

  • КТШ дем алғанда________________

  • КТШ дем шығарғанда____________

ЕМШАРАНЫ АЯҚТАУ:

  1. Сантиметрлік лентаны екі қайтара 15 мин аралықпен спиртке немесе зарарсыздандырушы ерітіндіге малынған салфеткамен өңдейді.

  2. Салфетканы ҚКЖҚ-қа салады

  3. Қолғапты шешіп ҚКЖҚ-қа салады,қолды жуады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет