Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет26/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Назар аударыңыз! Судың температурасы 36-37 0 С болу керек.
Мақсаты : Науқастың жеке бас гигиенасын сақтау.
Көрсетім: Төсек тәртібіндегі науқас.
Жабдықтау: мақта тампондары, сүлгі, салқын және ыссы су, медициналық термометр, леген, қолғаптар.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Жылы суға батырылған губка арқылы науқасты жуындырыңыз (бетін, мойнын, қолдарын). Сосын теріні құғақ орамалмен кептіреміз.

  1. Науқастың терісін жылы суға немесе антисептик ерітіндісіне батырылған орамал ұшымен күніне 2 рет сүртіңіз (камфор спиртінің 10% ерітіндісі, сірке ерітіндісі 1 стакан суға 1
    қасық, 70% этилспирті, 1% салицил спирті). Терісі кепкенше сүрту керек.

  2. Әсіресе жақсылап әйелдердің сүт бездерінің астындағы тері қабаттарын жуып кептіріңіз.

  3. Ауыр жағдайдағы науқастың аяғын аптасына екі-үш рет легенде жуыңыз, легенді төсектің аяқ жағына орналастырыңыз.

  4. Науқастың тырнақтарын тұрақты түрде аптасына бір рет алып отырыңыз, теріні жарақаттап алмау үшін кішкентай қайшы қолданыңыз.

Жалпы тәртіптегі науқастар егер, қарсы көрсеткіштер болмаса ваннада немесе себезгіде 7-10 күн ішінде 1 рет жуынуға болады.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
Әсіресе тері қыртыстары мен ойылу пайда болатын жерлерге мұқият күтім жасау керек.Тері баздануының алдын алу үшін тері қыртыстарын вазелин майымен немесе қайнатылған өсімдік майымен майлап тұру керек, немесе ұнтақ себу керек.


Ойылудың алдын-алу
Ойылу - тері асты клеткасының және жұмсақ ұлпалардың ұзақ қысылуының, жергілікті қан айналымының және жүйке тродкасының бұзылуынан пайда болатын терідегі диетрофикалың, жаралы-некротикалық өзгерістер.
Ойылу әлсіз және жүдеген ауыр науқастардың бір қалыпта ұзақ жатқанына байланысты,құйымшақ, жауырын, шынтақ, қара құс, жамбас буыны маңайында пайда болады.
Ойылудың пайда болуы ауыр науқастарды нашар күтуінен пайда болады: дымқыл және ластанған іш киім, төсектегі бүктемелер және қалдықтар, кірленген тері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет