Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Мақсаты: Ойылудың алдын алу. Көрсетім



бет27/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   118
Байланысты:
sestrinskoe delo

Мақсаты: Ойылудың алдын алу.
Көрсетім: Науқастардың ұзақ уақыт бойы бір қалыпта жатуы.
Жабдықтау: резеңке дөңгелек, пеленка, 10% аммиак қышқылы, камфор спирті,
ойылуға қарсы матрас, функционалды кереует.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Екі сағат сайын науқастың төсектегі қалпын өзгертіп отырыңыз, ойықтардың пайда болу жерлерін қарастырыңыз.

  2. Төсектің жағдайын бақылап отырыңыз - онда қалдықтар, бүктеулер болмауы тиіс.

  3. Кірленген және дымқылданған төсек-орынды уақытымен ауыстырып отырыңыз.

  4. Құйымшақтың астына, жастық тысына салынған немесе жаялықпен жабылған резеңке дөңгелекті салыңыз, ал өкше және жауырын,шынтақ, қарақұстың астына мақта-маталы дөңгелек салыңыз. Дөңгелектің тесігіне құйымшақ дәл келу керек.

  1. Ойылуға қарсы матрас қолданыңыз.

  2. Таңертең және кешке теріні өңдеп отырыңыз жылы су және 10% камфора спиртінің ерітіндісіне, 70% этил спиртінің ерітіндісіне, 1% салицил спирт ерітіндісі, сірке ертіндісіне (бір стакан суға 1 ас қасық) батырылған мақта тампонмен ойылу пайда болу мүмкін жерлерді сүртіңіз. Осы тампонмен теріні сүрткенде жеңіл уқалаңыз.



Науқастардың беті-қолын жуындыру
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау
Көрсетім: төсек тәртібіндегі науқастар
Жабдықтау: клеенка, леген, бақыраш, сабын, сүлгі, су (ыссы және салқын), медициналық термометр.
Төсек тәртібіндегі науқастарға мейірбике ертеңгілік жуынуларды өткізуге көмектеседі.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1. Кереуеттің жанына үстіне леген қойылған отырғышты қойыңыз.
2. Науқасты бір қырына бұрыңыз немесе қарсы көрсетімдер болмаса кереуеттің шетіне отырғызыңыз.
3. Кереуеттің шетіне немесе науқас отырған күйде болса оның тізесіне клеенканы жайыңыз.
4. Науқасқа сабынды беріңіз.
5. Науқас жуынып болғанша бақырашпен жылы су құйып тұрыңыз (бақыраштың орнына арнайы «Науқастар жуынуы үшін» деп таңбаланған шәйнек қолдануға болады)
6. Науқасқа сүлгіні беріңіз.
7. Легенді, клеенканы, сүлгіні жинап алыңыз.
8. Науқасты ыңғайлы етіп кереуетке жатқызыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет