IV.НАУҚАСТЫҢ ЖЕКЕ БАСЫНЫҢ ГИГИЕНАСЫ Төсек жаймаларын ауыстыру Мақсаты: Жағдайы ауыр науқастарға дұрыс төсек дайындау, өйткені оларда ойықтар пайда болу қаупі жоғары немесе ойық жара бар. Төсек жағдайын бақылаудың және терінің тазалығын бақылаудың маңызы аса зор. Төсектерін ауыстырған сайын мейірбике науқастардың тері жағдайын қарап, бақылап отыруға міндетті.
Көрсетім:Төсекті әрбір 7-10 күнде бір рет ауыстырып отыру керек. Қажет жағдайда жиірек ауыстырады.
Жабдықтау: таза төсек жаймалары, қолданылған төсек жабдықтарына арналған клеенка қапшық,қолғап.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Қолыңызды жақсылап жуып құрғатқаннан кейін қолғапты киіңіз.
Жалпы немесе жартылай төсек тәртібіндегі науқастар кереуетті өздері босатады, ал мейірбике төсек жабдықтарын ауыстырады. Төсек тәртібіндегі ауыр жағдайдағы науқастардың төсегін мейірбике екі түрлі әдіспен орндауына болады:
І әдіс:- төсекте қозғалуға, бұрылып жатуға рұқсат етілген науқастардың төсек орнын ауыстырғанда қолданылады.
Науқасты жайлап бір жақ қырына бұрыңыз, жастығын алып тастаңыз.
ІІ әдіс- Науқастың төсектегі қалпын өзгертуге болмайтын жағдайларда қолданылады. Төсек жабынын ауыстыру көмекшінің қатысуымен іске асырылады.
Таза ақжайманы ені бойынша шиыршықтап ораңыз.
Көмекші науқасты басынан бастап денесінің әр бөлігін аздап көтеріңкіреп ұстап төсегін ауыстыруға көмектеседі.
Мейірбике ақжайманы бас жағынан бастап ауыстырады. Қолданылған ақжайманы шиыршықтап орап алып, оның орнына тазасын жазып салады.