Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет59/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   118
Бицилиинді егу ережелері

  1. Суспензияның тез кристалдануына байланысты егуді тез жасау қажет.

  2. Науқас инъекцияға дайын болу керек. Науқастың көзінше абайлап ерітеміз, флаконда көпіршіктерді пайда болдырмауға тырысамыз.

  3. Суспензияны тез шприцке сорып алу керек.

2-сәттілік әдісімен бұлшық етке енгізіледі: кіргеннен кейін поршеньді өзіңізге қарай тартып, шприцтің ішінде қан жоғын тексереміз.

  1. Егу жасаған жеріне жылытқышты қою.

Стрептомицин – мөлшері граммен немесе бірлікпен мөлшерленеді.
Стрептомицин флаконда 1,0г, 0,5г, 0,25г. шығарылады. Сондықтан, дұрыс еріту үшін екі ережені білу шарт:

  1. 1,0 г - 1 000 000 Б -ке сәйкес, 0,5г – 500 000 Б, 0,25 г - 250 000 Б сәйкес

  2. 250 000Б стрептомицин 1 мл 0,5% новокаин ерітіндісімен ерітіледі.

500 000 Б стрептомицин 2 мл 0,5% новокаин ерітіндісімен ерітіледі.
1000 000 Б стрептомицин 4 мл 0,5 % новокаин ерітіндісімен ерітіледі.


Тері ішіне инъекция жасау
Мақсаты: тері ішіне егу жасау
Көрсетім: антибиотиктерге сезімталдығын анықтау үшін
Жабдықтау: ерітіндісі бар ампула, флакондар, спиртке батырылған мақта шариктері, ампуланы егеуге арналған егеуіш, залалсыздандырылған пинцет, залалсыздандырылған шприцтер, инелер, бүйрек тәріздес лоток, латекстен жасалған қолғаптар.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Қолыңызды инъекцияға дайындаңыз.

  2. Шприцті (туберкулиндік) құрастырыңыз, тексеріңіз.

  3. Екі ине дайындаңыз: дәріні сорып алу үшін, егу үшін.

  4. Шприцке (ұзындығы 15 мм, инесінің кесіндісі 0,4 мм ине) 0,5 мл дәрі сорып алыңыз (егуді орындау үшін 0,1 мл ерітінді қажет, шприцтен артық дәріні ауасымен бірге шығарып тастаңыз).

  5. Инесін ауыстырып, өткізгіштігін тексеріңіз.

Назар аударыңыз!
Қазіргі уақытта сынама өткізу үшін бір реттік туберкулиндік немесе инсулиндік шприцтер қолданылады. Шприцтің бөліктерін шамамен санап алыңыз.

  1. Науқастың білегінің ортаңғы бөлігін екі мақта шаригімен өңдеңіз.

  2. Тері кепкенше күтіңіз.

  3. Иненің кесіндісін жоғары қаратып, теріге параллель етіп инені енгізіңіз де

0,1 мл ерітінді жіберіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет