Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Тік ішекке енгізу тереңдігі



бет81/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   118
Тік ішекке енгізу тереңдігі: 20-30см
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

    1. Науқасты өз ыңғайымен жатқызыңыз.

    2. Қысқышты ашып,тамшы жүйесін толтырыңыз. Жылытқыштың көмегімен ерітіндінің жылуын қамтамасыз етіңіз.

    3. Тік ішекке 20-30см тереңдікке вазелинмен майлаған зондты енгізіңіз.

    4. Қысқыштың көмегімен тамшының жылдамдығын бақылаңыз.

    5. Науқастың үстін жабыңыз.

    6. Науқасты бақылаңыз.

Ескерту: Клизма қояр алдында тазалау клизмасын жасау керек.
Дәрілік клизма
Мақсаты: Тік ішекке дәрілік заттарды енгізу.
Көрсетім:

  1. Тік ішекке жергілікті әсер ету

  2. Жалпы әсер ететін дәрілік заттарды тік ішекке енгізу

Қарсы көрсетім: Анус аймағындағы жіті қабыну процестері.
Енгізілетін сұйықтықтың көлемі мен температурасы:
37 0 С температурадағы 50-100 мл түймедағы тұнбасы, зәйтүн майы,және т.б..
Жабдықтау: Алмұрт тәріздес баллон, жел шығарғыш түтікше, вазелин, клеенка, алжапқыш. Тік ішекке енгізу тереңдігі 20-30 см.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Алмұрт тәрізді баллонға 50-100 мл жылы дәрі ерітіндісін алыңыз.

  2. Жел шығарғыш түтікті вазелинмен майлаңыз.

  3. Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне қарай бүгіп жатқызыңыз.

  4. Құйрығын ашып, жел шығарғыш түтікті енгізіңіз.

  5. Баллоннан ауаны шығарыңыз.

  6. Баллонды түтікке жалғап жаймен майды жіберіңіз.

  7. Баллонды қысылған күйінде, түтікшені алып зарарсыздандырылған ерітіндіге салыңыз.

Назар аударыңыз! Клизмадан кейін науқас бір сағат бойы демалуы керек.


XI. ҚУЫҚТЫ КАТЕТЕРЛЕУ
Әйел адамдардың қуығын катетерлеу
Мақсаты: қуықты зәрден босату, қуықты жуу
Көрсетім: жіті және созылмалы зәрдің тоқтауы, қуықты жуу және қуыққа дәрілер мен ретгеноконтрасты заттар енгізгенде, зәр шығару жүйесі мен жыныс мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі кезең, зәр шығару ағзаларына эндоскопиялық зерттеу алдында, клиникалық және бактериологиялық зерттеуге зәр алу үшін. Қуықтағы зәр қалдығын анықтау үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет