Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет89/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   118
Науқасқа нұсқау: "Тексеру үшін сізге таңертеңгі қақырықты жинау керек.
Ашқарынға сағат 8 – де - тісіңізді жуып, мұқият аузыңызды фурацилинмен шайыңыз, содан соң бірнеше рет терең дем алып және қақырықты мына банкіге түкіріңіз, (2 – 3рет қақырықты банкіге түкіріп, сілекейдің түсіп кетпеуіне мұқият болыңыз)
Ыдыс залалсыздандырылғандықтан, оның айналасына қолмен және аузыңызды тигізбеңіз, содан соң түкіргеннен кейін бірден қақпағын жауып мейірбикеге беріңіз".
ЕСКЕРТУ: Егер науқастың тісінен қан кеткен жағдайда, онда тісті жууға болмайды. Ауызды мұқият таза сумен, содамен және фурацилинмен шайыңыз.
ЕСКЕРТУ: Залалсыздандырылған ыдыстар тек 3 күнге жарамды. Бактерияға қарсы препараттарды қақырық алуға 2 күн қалғанда тоқтату керек. Қақырықты бак. зертханаға жеткізгенше дейін 2 сағаттан кем емес уақытқа тоңазытқыштың ортаңғы есігінде сақтаңыз.


Зәрді жалпы клиникалық анализге жинау
Мақсаты: Зәр шығару жүйесінің функционалдық жағдайын анықтау
Көрсетім: дәрігердің тағайындауы
Жабдықтау: 250 мл тығыны бар құрғақ таза банка, жолдама
Бөлімшенің № бөлменің №
Жолдама
Зәр жалпы клиникалық анализге
А.Ж.Т. Асанов А.А.
Күні қолы м/б


Науқасқа нұсқау: " Сізге зәр анализін тапсыру керек. Ертең таңертеңгі сағат 8.00-де міндетті түрде дәрет алыңыз, содан соң, мына банкаға зәрдің ортаңғы бөлігін 100 – 150 мл алыңыз. Банканы қақпақпен жауып, санитарлық бөлмедегі арнайы жәшікке салып қойыңыз "


Нечипоренко бойынша зәр жинау
Мақсаты: Зәрдегі формалы элементтердің мөлшерін анықтау (лейкоциттер,эритроциттер,цилиндрлер)
Көрсетім:
дәрігердің тағайындауы
Жабдықтау: Құрғақ таза банка, жолдама
Бөлімшенің № бөлменің №
Жолдама
Клиникалық зертханаға
Нечипоренко бойынша зәр анализі
А.Ж.Т. Асанов А.А.
Күні қолы м/б
Науқасқа нұсқау:
"Таңғы сағат 8.00 –де сыртқы жыныс мүшелерін мұқият қайнаған сумен , фурацилин немесе калий перманганат әлсіз ерітіндісімен дәрет алыңыз. 5 – 10 мл зәрдің ортаңғы мөлшерін құйып алыңыз, содан соң санитарлық бөлмеде арнайы жәшікке салып қойыңыз".


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет