Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х



бет84/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   118
XII. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ
АСПАПТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ НАУҚАСТЫ ДАЙЫНДАУ
Көк тамырдан биохимиялық тексеруге қан алу
Мақсаты: диагностикалық
Көрсетім: науқасты тексеру
Асқынулар: гематома, тромбофлебит, сепсис, вирусты гепатит, ЖҚТБ.
Қан алу орыны: шынтақ иіні, білек, блезіктің көк тамыры
Жабдықтау: залалсыздандырылған сыйымдылығы 10-20 мл бір реттік шприцтер, лоток, мақта шариктері, салфеткалар, 70 % этил спирті, бетперде, қолғаптар, штативтегі пробиркалар, резеңке бұрау, клеенкалы жастықша, ҚКЖҚ.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:

  1. Науқасқа емшараның мақсаты мен жүру барысын түсіндіріңіз, келісімін алып, таңғы аспен тамақтанбағандығын біліңіз.

  2. Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмерлеңіз.

  3. Науқасқа ыңғайлы қалыпта болуына көмектесіңіз.

  4. Қолды гигиеналық деңгейде деконтаминациялап, тері антисептиктерімен өңдеңіз.алжапқыш, бетперде, көзілдірік және қолғапты киіңіз.

  5. Бір реттік шприцтің қорабынан алып, құрастырып, инесінің қалпағын шешпей тұрып ауа өтімділігін тексеріңіз де қайтадан қорабына салып қойыңыз.

  6. Клеенкалы жастықшаны науқастың шынтағының астына қойыңыз.

  7. Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы бөлігіне салфетканың немесе науқастың киімінің үстінен орнатыңыз.

  8. Резеңке бұраудың бос ұшы жоғары қарап, ал ілмегі төмен қарап тұратындай етіп байлаңыз.

  9. Күре тамырынан тамыр соғысын анықтаңыз. (тамыр соғысы сақталған болуы керек).

  10. Тамырды нықтап қарап, қанға толған тамырды анықтап алыңыз.

  11. Науқастан жұдырығын ашып-жұмып жұмыс жасауын, қанға толған кезде жұдырығын жұмып отыруын сұраңыз.

  12. Шынтақ иіні аумағын өңдеңіз, инъекция орынын спиртке батырылған екі мақта шаригімен өңдеп, ҚКЖҚ салыңыз. Үшінші мақта шаригін сол қолыңыздың төртінші және бесінші саусақ аралығында ұстаңыз.

  13. Шприцті оң қолыңызға алыңыз: екінші саусақ иненің конюлясында, ал үшінші және төртінші саусақтарыңыз цилиндрдің үстінен, бірінші саусағыңызды астынан орналастырыңыз.

  14. Көк тамырдың тесетін орнын сол қолыңыздың бірінші саусағымен нықтап алыңыз.

  15. Иненің қалпағын шешіп тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы жұмулы күйде).

  16. Поршеньді тартып, иненің тамырға түскендігіне көз жеткізіңіз.

  17. Сол қолыңызбен поршеньді жәймен тарта отырып, шприцке 5-7 мл қан жинаңыз.

  18. Науқастың жұмырдығын ашып, жгутты шешіңіз, тез қимылмен инені тамырдан шығарып алыңыз.

  19. Орнына спиртке батырылған мақта шаригін 3-5 минутқа қойып, науқасқа шынтағын бүгіп ұстауын сұраңыз.

  20. Шприцтің инесінен бөліп, ҚКЖҚ салыңыз.

  21. Шприцтегі қанды пробирканың қабырғасын бойлай, шашыратпай құйыңыз.

  22. Пробирканы тығынмен тығындаңыз.

  23. Штативтегі пробирканы контейнерге орналастырып, қақпағын тығыздап жабыңыз.

  24. Науқасқа ыңғайлы қалып жасауға көмектесіңіз.

  25. Науқастың қан алған орынынан қан ақпай тұрғандығына көз жеткізіп, мақта шаригін алып, ҚКЖҚ салыңыз.

  26. Контейнерді жолдамасымен биохимиялық зертханаға жіберіңіз.

  27. Қолғапты шешіп, ҚКЖҚ салыңыз.

  28. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет