Науқасты ректороманоскопияға дайындау Мақсаты: науқасты сапалы тексеруге дайындықпен қамтамасыз ету.
Диагностикалық: тік ішек пен сигма тәрізді ішекті тексеру, тікішектен жұғынды, шырышты қабықтан ұлпа тілімін бактериологиялық және цитологиялық тексеруге алу.
Жабдықталуы:залалсыздандырылған: ректоскоп, салфеткалар, вазелин, шпатель, клеенка, Эсмарх кружкасы, су, шылапшын, алжапқыш, қолғап, дезерітіндісі бар сыйымдылық.. Ректороманоскопияны дәрігер жүргізеді, мейірбике көмектеседі.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқаспен емшараның мақсаты, өту барысы және зиянысыз екендігі туралы әңімелесіңіз. Тексеруді дәрігер өткізетіні туралы науқасқа айтыңыз.
Науқасқа таңертең сағат 6-да тазарту клизмасын жасаңыз (1,5 л су) және тексеруден 2 сағат бұрын. Тексеру алдында науқас денесін тік ұстаған қалыпта болуы қажет.
5. Науқасты манипуляциялық кабинетке апарыңыз.
6. Науқасты бөлмесіне апарыңыз, бақылау және тыныштық қамтамасыз етіңіз.
Ескерту!
ректоскоп тік ішекке 25-30 см енгізіледі;
ректороманоскопияны ішекте қатты қабыну процесінен кейін жүргізеді.
Егер науқаста ішқату болса, онда тексеру алдынан қосымша кешке тазарту клизмасын қояды;
Науқастың ішегін дайындау және тексеру аралығы 2 сағат болуы керек, өйткені тазарту клизмасы бірнеше уақытта шырышты қабықтын түрін өзгертеді.
Науқасты цистоскопияға дайындау Мақсаты: науқастың тексеруге сапалы дайындығын қамтамасыз ету.
Диагностикалық: қуықтың шырышты қабатын қарау.
Емдік: қатерлі емес ісіктер, қуықтағы өсінді (полип).
Жабдықталуы: залалсыздандырылған: цистоскоп; дәрет алуға және науқасқа тазарту клизмасын қоюға арналған жабдықтар, тексеруге жолдама. Цистоскопияны дәрігер жүргізеді, мейірбике көмектеседі.
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Науқасқа психологиялық дайындық жүргізіңіз, тексерудің мақсатын түсіндіріңіз және келісімін алыңыз.
2.Тексеруді ашқарынға жүргізіңіз.
3.Таңертең тексеруден бұрын нақтылап жуынуды ескертіңіз және сыртқы жыныс мүшелерінің гигиеналық шараларының (жуынудың) техникасын үйретіңіз.
4. Таңертең тексеруден 2 сағат бұрын т азарту клизмасын қойыңыз .
5. Тағайындалған сағатта науқасты эндоскопиялық кабинетке ауру тарихымен бірге апарыңыз.
6.Тексеруден кейін науқасты бөлмесіне апарыңыз.
7.Науқасқа тексеруден кейін 2 сағат төсек режимін сақтауды ескертіңіз.