Мақсаты: Қарапайымдыларды анықтау.
Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауы
Жабдықталуы: Пеницилиннен босаған таза, құрғақ шыны флакон, жабыстырғыш тілкемі, үшкір ағаш шпатель. Егер нәжісті жаңа күйінде зертханаға жеткізуге мүмкіндік болмаса алдын ала ыдысқа консервант қосады.
Бөлімшенің № бөлменің №
Жолдама Клиникалық зертханаға
Қарапайым нәжіс
А.Ж.Т. Асанов А.А.
Күні қолы м/б
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
1.Клиникалық зертханаға консерванты (1/2 сыйымдылықпен флакон) бар флакон алу
2.Жолдама толтыру
3.Науқасты үйрету – жаңа нәжісті шпатель көмегімен флаконға салу (1/3 көлемдегі консервант). Флаконның қақпағын жабысқақпен жауып,мейірбикеге беру. Дефекациядан 15 – 20 минут өткен соң жиналған нәжісті клиникалық зертханаға жеткізу .
Алынған нәтижені ауру тарихына жабыстыру.
2 күн интервалмен тексеруді 5 рет қайталау .
ЕСКЕРТУ: Нәжісті жылы күйінде зертханаға жеткізу қажет
Копрологиялық тексеруге нәжіс алу Зертханалық клизмадан, балауыз енгізгеннен ішкі бояушы затта қабылдаған іш жүргізетін дәріден висмут,темір, барий, пилокарпин асқазанды рентгенологиялық тексеруден кейін ,нәжісті апаруға болмайды.
Мақсаты:ас қорыту трактісінің түрлі қызметтерінің қорыту мүмкіндігін анықтау
Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауы
Жабдықталуы: Пеницилиннен босаған таза,құрғақ шыны флакон,жабыстырғыш тілкемі ,үшкір ағаш жаңқасы
Бөлімшенің № бөлменің №
Жолдама Клиникалық зертханаға
Копрологияға нәжіс
А.Ж.Т.. Асанов А.А.
Күні қолы м/б
ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:
Дәрігердің нұсқауымен 5 күнге Шмидт (2280 ккал) немесе Певзнер (3280 ккал) диетасы.Шмидт диетасы жеңіл. Певзнер диетасы асқазан ішек трактісіне үлкен күш түсіреді,сондықтан бұл кезде қорыту жетіспеушілігінің сәл дәрежесін анықтау қажет. Дәрігердің арнайы нұсқауынсыз науқас өзінің үйреншікті диетасын сақтайды.Бірақ азық – түлік берістеріне тыйым салынады
ЕМШАРАНЫ ОРЫНДАУ:
Науқасты әзірлеп,жолдама толтыру.
Нәжісті жинау ретімен науқасты таныстыру, дефекациядан кейін шпательмен нәжістің бірнеше жерінен 5 – 10 г алып, флаконға саласыз.Санитарлық бөлмеден еденде тұрған арнайы жәшік ішінде флаконды қалдырасыз.Ал шпательді зарарсыздандырушы ерітіндіге салыңыз.
Жиналған материалды клиникалық зертханаға жеткізу.
Зертханадан келесі күні алынған нәтижесін ауру тарихына желімдеп жапсыру.
ЕСКЕРТУ: Қолданылған ағаш шпательдерді жағып жіберіледі. Нәжіс зертханаға жиналғаннан кейін сағат 8 –ден кешіктірмей жеткізу және салқын жерде сақталуы қажет
Шмидт диетасы - жеңіл диета:
-таңертең - 0,5л сүт немесе шай , маймен ақ нан және жұмыртқа;
- таңғы ас- 0,5л каша сүт қосылған;
- түскі ас – 125г ет , аз қуырылған ,200-250 г картоп пюресі ;
- полдник - 0,5 л шай немесесүт ,маймен нан;
- кешкі ас- 0,5 лсүт немесе сұйық жарма ботқасы, маймен ақ нан және жұмыртқа (1-2 жұмыртқа)