Аликеева А. С. Биология сабағында этнопедагогикалық элементтерді пайдалану кезінде оқушылардың танымдық Қызығушылықтарын арттыру



бет6/6
Дата07.01.2022
өлшемі3,82 Mb.
#16957
1   2   3   4   5   6
Ұлттық ойындар сабақтарда:

“Аламан бәйге” Бұл ойынға сынып оқушыларының барлығы қатысады. Әрбір оқушы қағазға тақырыпқа байланысты теориялар мен анықтамалар жазады. Ойынға 5-7 мин уақыт беріледі. Уақыт біткенде кім көп жазса сол оқушы аламан бәйге жеңімпазы атанады.

“Нағашы ауылына барар жол”

Бір оқушы нағашы ауылына қыдырп бармақ болады. Шешесі осыған байланысты “тоқым қағар” жасайды. Жолшыбай бала алты рет аялдама жасап берілген сұрақтарға жауап береді.



Жұмбақтар ерекшелігі.

Оқушыларды тәрбиелеуде аса зор маңызы бар жанырлардың бірі- жұмбақ. Жұмбақ оқушылардың ұшқыр ойын шынықтырады, іске әрекеттке баулиды, ой санасының өсуіне септігін тигізеді, оқушылардың білімпаздығын, алғырлығын, бақылағыштығын, тапқырлығын, дүниетанымдылық көлемдігін , тағы басқа толып жатқан қасиеттерді дамытуға көмектеседі. Себебі, жұмбақ шешу ұшін әулеі ола мектеп оқулығының матиралдарын білу керек және қосымша әдебиеттерді көп оқуы керек. Жұмбақты көбіне жаңа сабаты бекіткенде немесе қортынды сабақтарда пайдаланады. Жұмбақар кәсіпке байланысты, тіршілік- тірекке тияанақты болатын, адам көңілін аударатын қажетті заттардың бәрін қамтиды. Оқушылар жиналып алып ойларының жүйріктігі мен тапқырлығын сынға салады. Жұмбақ шешімін тез таба білуге асығады. Жұмбақты тез тапқандары мақтанады.

Сабақ барысында мұғалім оқушылардың іскер сөздерді іздестіріп, өз орнына қоюында емес, жұмбақтың шартты шешуін табуда емес, бір-біріне баламалап айтылған екі заттың екеуінің де ұқсастығын, өзгешелігін байқауға үйрету. Тақырыпқа байланысты қойылатын талап, мақсатына ұлғаяды, тақырып мазмұнына байланысты өзгертіліп отырлады. Сабақтарда өтетін тақырыпты жұмбақтап бастау оқушыларға үлкен ой қалдырады. Сабақ барысына оқушылар үлкен қызығушылықпен кіріседі. Сабақты үнемі қалыптасқан бір формада өткізу, әсіресе жоғары сыныптардағы оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, ой – таласын жетілдіруге кері әсерін тигізіп жатуы баршамызға аян. Сабақты өмірмен ұштастырып, қоршаған ортаның әсерімен үнемі байланыстыру – оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты. Баланың бойында ұнамды мінез-құлық пен әдеп, ибалылық, жарасымды талғам мен таңдау қасиетін жүріс-тұрыс, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру қажымай, талмай еңбек етуді қажет етеді. Сол себептен де әр ұстаз өз сабағында оқушыларға және студент қауымына этнопедагогикалық тәрбие беруді де қаматамсыз еткені жөн.

Сабақ барысында оқушылардың өздігінен ізденуін қадағалап білім дағдысын толықтыруға ерекше назар аудару қажет. Осы орайда бүгінгі қазақ мектебінің ең негізгі мақсаты – денсаулығы мықты, зерделі, білімі терең, адамгершіліг мол, туған жері мен тарихының ұлылығын құрметтей білетін жас ұрпақ тәрбиелеу екендігі сөзсіз. Әр тұлға өзін-өзі танып біліп, салт-дәстүрін сақтап, салауатты өмір салтын қалыптастыру қажет. Осының нәтижесінде болашаққа сенімі мол, терең білімді, жаңа ғасыр талабына сай, жан-жақты дамыған тұлға қалыптасады. Оған мысалы алатын болсақ өсімдіктану сабағымен тығыз байланыста болатын биология пәнінен практика кезінде осы этнопедагогикалық элементтерді өз сабақтарымда қолдандым. Биология сабақтарда этнопедагогика элементтерін қолдану жас тәрбиеленіп жатқан ұрпақтар үшін алға бастайтын жарқын баспалдақтардың бірі болатыны белгілі. Оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін, оларға өз ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, рухани құндылықтармен сусындата отырып, жан-жақты білім беру керек.

Күнделікті сабақ өткізу барысында пәнаралық байлангыстарды көрсету керек. Қазақстан жерінде өсетін өсімдіктерден алынған дәрі-дәрмектер мен жануарлардан алынған тұрмыстық заттарды, ауа райын болжау мақсатында қолданылатын мағлұматтарды әрбір сабақта мазмұнына сай байланыстырып қолданудың маңызы зор. Мысалы: адам ағзасының тірек қимыл жүйесіне өткен кезде, қазақтың ұлттық ойындарының маңызын айтуға болады (малда құру, жамбастап отыру, шынтақтап жату сияқты). Себебі, осы ұлттық ойындар адам ағзасындағы сүйек пен бұлшық еттердің дұрыс қалыптасуына үлкен септігін тигізеді. Дененің дұрыс қалыптасуына және шынығуына сүйектің мықтылығының артуына себепкер болады. Тағы бір мысал: егер адама ағзасының құрылысын түсіндіруде де қазақтың киіз үйін мысалға келтіре отырып, түсіндіруге болады. Бұл тұрғыдан оқушы әрі ағзаның құрылысын әрі қазақ үйдің құрылысын да меңгереді. 9-10 сынып оқушылары үшін «Генетика» бөлімінен тұқымқуалаушылықты өткенде жеті атасын білуге үйрету керек. 6-7 сыныптар үшін «Дәрілік өсімдіктерді» өткенде халықтық емдеу тәсілдерін мысалға келтіруге болады. Бұл оқушыларды өзін-өзі күтуге және жол сапарға шыққан кезде өзіне және басқаға алғашқы көмек көрсете алуға үйретеді. Сабақтарда халықтық педагогика элементтерін қолдану оқушылардың теориялық білімдері мен практикалық машықтықтарын нығайтып тереңдетеді [17].

Мектеп бағдарламасына сай «Құстар» тақырыбы өтілгенде Қазақстан аумағын мекендейтін және қызыл кітапқа енгізілген құстар туралы мағлұмат беру сыртқы түріне, түсіне, дауысына қарап құстарды ажырата білуге үйрету. Қазақ тілінде мәнерлеп оқуға, мазмұнын айтуға дағдыландыру, дүниетанымын кеңейту, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуге, музыканы сүюге, табиғаттқа жанашырлықпен қарауға  баулу мақсаттары көзделеді. Оқушыларды халық дәстүрін ата-кәсібін, табиғат байлығын қорғауға, төрт түлікті қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында «Төрт түлігіміз түгел болсын» деген тақырыпта сабақ өткізуге болады. Бұл сабақтарда төрт түлік малдарының төлдерінің аталуы, оларды жаю, төрт түлікке айланысты ырымдар туралы мақал-мәтелдер қарастырылады. Мысалы:

1.Малды аяқпен теппейді

2.Жылқыны сатқанда немесе сыйлағанда ноқтасымен бермейді

3.Малдың бірінші сауылымынан жасалған майды асқа қолданбай онымен жақтауды, табалдырықты майлаған

4.Соғымның сүйегін отқа жақпай жинап, босағаның оң жағына көмген

5.Кешкісін қорадан мал бермейді т.б.

Мұндай халықтық тәрбие оқушының ойлау, зерделеу, сөйлеу дағдысын қалыптастырумен бірге, оларды ізгі мінез-құлыққа, биік адамгершілікке, ұлттық дәстүр негізін бойына сіңіруге, ана тілін дамытуға баулиды.



Сонымен, этнопедагогикалық тәрбие мен білім беру тек сабақ кезінде ғана емес, танымжорық, үйірме мен факультативтік сабақтар, сыныптан тыс тәрбие жұмыстары кезінде де жүргізілуі тиіс.




















Пайдаланған әдебиеттер



Мазмұны



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет