Alikhan Bokeikhan University СӨЖ №5 Тақырыбы


Доңғалақты сепараторлар (СК)



бет3/3
Дата03.04.2023
өлшемі301,57 Kb.
#78610
1   2   3
Доңғалақты сепараторлар (СК)

Доңғалақты сепараторлар (16-сурет) көмірлермен антрацититтерді магнетитті суспензияда байытуда қолданылады.​




17-сурет. Доңғалақты ауыр орталы сепараторлардың схемалық көрінісі: 
1-ванна; 2-доңғалақ элеватор; 3-құлақты ескіш
Кен науашық аркылы суспензияға толған ваннаға (1) түседі. Қалқыған жеңіл фракция айналмалы құлақты ескіш (3) әсерімен ығыстырылып науашыққа түсіріледі. Қалқыған кесектердің ескіш орнаған ванна шетіне ығысуына бастапқы түсетін кеннің де әсері тиеді. Ванна түбіне шөккен кен кесектері ваннаның бір қабырғасына жабыстыра көлбеу орналасқан элеваторлы доңғалаққа (2) түседі. Оның құрылысы да барабанды сепаратордағы элеваторлы доңғалақтың құрылысындай. Элеватор ақырын айналып тұрады. Оны ячейкаларға бөлетін қабырғалары тесікті. Солар арқылы суспензия төмен ағып бөлініп, ваннаға қайтарылып отырады. Ячейка белгілі биіктікке көтерілгенде ондағы жатқан кесектер сырғып құлап доңғалақтың ортасына көлбеу орналасқан науашыққа түседі.
Қазіргі кезде екі өнім (ауыр және жеңіл фракциялар) емес, үш өнім (концентрат, қалдық және екі аралық өнім) беретін доңғалақты сепараторларда (СТТ) қолданылады. Демек, екі өнімді екі бөлгіш бір агрегатта біріктірілген. Бұл сепараторлар көмір байытуда кеңінен тарауда. Бастапқы көмір алдымен тығыздығы төмен суспензияға түсіп жеңіл фракция (таза көмір концентраты) бөлінеді. Одан шыққан ауырлау фракция екінші секцияда тығыздығы жоғарылау суспензияға түсіп, одан ауыр фракция (қалдық ретінде), екі аралық өнім алынады. Ақырғы өнім қосымша ұсатылғанда кейін қайтадан байытуға түседі.
Доңғалақты сепараторлар көбінде көмір байытуға қолданылады. Оның кесектігі 300 мм-ге дейін болса олар тиімді жұмыс істей алады.
А у ы р о р т а л ы г и д р о ц и к л о н д а р (КГ, ГТ). Одардың конструкцияларының классификациялау мақсатымен қолданылатын гидроциклондардың конструкциясынан айырмашылығы жоқ, тек көлбеу орнатылады (200-тай). Бұл аппараттарда байытылатын кен түйіршіктерінің диаметрі 0,2-0,5мм-ге дейін темендеуі мүмкін. Бататын түйіршіктердің шөгу жылдамдығы ортадан тепкіш күш әсерімен арттырылады. Гидроциклонның орнатылу көрінісі 17-суретте келтірілген.
Суспензия байытылатын кенмен бірге гидроцикклонның цилиндрлі бөлегіне (1) тангенциалды (жанама) орнатылған патрубок (2) арқылы түседі. Заттың қысымымен айналма қозғалысты траекториямен түсуінің нәтижесінде пайда болатын ортадан тепкіш күш әсерімен ауыр түйіршіктер және суспензойдтың біразы аппараттың ішкі қабырғасына ығыса төмен жылжып құмды патрубоктен (5) шығады. Жеңіл фракция және суспензияның негізгі бөлігі ағызынды патрубок (3) арқылы шығарылады.
Гидроциклондардың жұмыс істеуіндегі ерекшеліктері сол түйіршіктердің шөгу жылдамдығы ондаған есе өседі, қозғалыс әсерімен суспензияның структурасы бұзылып оның тұтқырлық қасиеті үлесі белгілі мөлшерден артпайды.
Осындай екі өнімді гидроциклондар қосақтандырыла бір агрегат түрінде жасалса, онда оларды ауыр орталы үш өнімді гидроциклондар деп атайды. Демек, концентрат және қалдықтан (ауыр және жеңіл фракциялар) басқа екі аралықты өнім алынады. Соның нәтижесінде ауыр және жеңіл фракциялардың тазалығы артады.

18-сурет. Ауыр ортада бөлгіш гидроциклон: 


1-корпус; 2-түсіргіш патрубок; 3-ағызынды патрубкасы; 
4-тіреу; 5-құм патрубкасы.

Енді кенді ауьр суспензияда баяыту процесінде ауыр және жеңіл фракциялармен бірге шығатын ауырлатқыш олардан қалай бөлініп алынатынын, соның нәтижесінде процеске қайта қайтарылатынын қарастырайық.


Ауырлатқыштың ұсақ түйіршіктері ауыр және жеңіл фракциялармен бірге шығатын сумен аралас шығады. Оларды бөліп алу үшін тор тесіктерінің диаметрі ауырлатқыш түйіршіктерінің диаметрінен үлкен, ал кен түйіршіктерінің (кесектерінің) диаметрінен кіші грохоттарға түседі. Ол грохоттардан өткен суспензия насоспен ваннаға кайтарылады. Грохот торларының үстінде қалған кен кесектерінде әлі де болса олардың бетіне ауырлатқыш түйіршіктері жабысып бірге қалады. Оларды кесектерден бөліп алу үшін ауыр және жеңіл фракциялар екінші рет басқа грохоттарға түсіп, үстінен су себу арқылы шайылып бөлінеді. Осылай екінші грохоттардан алынған суспензияның тығыздығы қосылған сумен сұйылуының нәтижесінде көп төмендейді. Оның тығыздығын бұрыңғы қалпына келтіру үшін суспензиядан ауырлатқышты белгілі әдіспен бөліп алып, оны тек белгілі көлемді ғана (есептелініп табылатын) сумен араластырып, процеске қайтару қажет.
Ауырлатқышты сұйылған суспензиядан бөлу әдісі оның қандай минералдардан (заттан) жасалғанына байланысты. Егер, мысалы, ауырлатқыш ретінде магнитті ферросилиций қолданылса, онда олардың түйіршіктері суспензиядан магнитті бөлгіштерді қолдану аркылы бөлінеді. Егер галенит қолданылса, оны суспензияны флотациялау арқылы бөліп алуға болады. Осы процестерді регенерациялау процестері деп атайды. 18-суретте кенді ауыр суспензияда байытуда қолданылатын операциялардың тізбегі схема түрінде келтірілген.

19-сурет. Ауыр ортада бөлу технологиясында қолданылатын 


операциялар тізбегі.


Пайдаланылған әдебиеттер

1. Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971.


2. Ш. Тілегенов, Күзембаев, Н. Өсеров «Тамақтану кәсіпорынының жабдықтары» Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 253 бет.
3. Сурков В.Д., Липатов Н.Н., Золотин Ю.П. «Технологическое оборудование молочной промышленности». М. «Легкая и пищевая промышленность», 1983. – 431с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет