Судъялардың тәуелсіздігі Судьяның тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьялар сот төрелігін жүзеге асыруы кезінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңға ғана бағынады.
Ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыру ісіне араласуға және судья мен заседателіне қандай да болмасын ықпал етуге құқығы жоқ. Мұндай әрекеттер заңмен қудаланады.
Судья қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәне жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті емес. Кеңесу бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларда қамтамасыз етілуге тиіс.
Соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізіледі.
Судьяның тәуелсіздігі, жоғарыда аталғандай, оған ешкімнің тиіспеуімен нақтыланады. Судьяны қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған жағдайларды қоспағанда, тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Жоғары Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген ҚР Президентінің келісімінсіз, ал Конституцияның 55-бабының 3-тармақшасында белгіленген жағдайда, (оған ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру), ҚР Парламент Сенатының келісімінсіз оны қылмыстық істі ҚР Бас Прокуроры ғана қозғай алады. Судьяға Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіппен куәлік беріледі.
Судъялардың тәуелсіздігінің кепілдіктері. Судьялар сот төрелігін жүргізген кезде дербес, ешкімнің еркіне ықтиярсыз, бағынбай, тәуелсіз, тек қана еліміздің Конституциясы және өзге де заң актілеріне бағынады. Демек,олардың тәуелсіздігі заңмен қорғалады. Судьялардың тәуелсіздігі мынадай кепілдіктермен қамтамасыз етіледі:
– судьяның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласқаны үшін, сондай-ақ сотты және судьяларды сайламағандығы үшін заңда жауаптылық белгілеуімен;
– судьяның ешкімнің тиіспеуімен;
– судьяны қызметке сайлау, тағайындау, судьяның өкілеттігін тоқтату және тқтата тұру тәртібімен, судьяның орнынан түсу құқығымен;
– судьяларға мемлекет есебінен олардың мәртебесіне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы.
Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қарауында болады, оның тиісті органдары судьялар мен олардың отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға тиесілі мүлікті сақтауға, егер судьядан немесе оның отбасы мүшелерінен тиісті өтініш түскен жағжайда, дер кезінде және барлық шараларды қолдануға міндетті. Олардың өздеріне және мүлкіне кәсіптік қызметіне байланысты келітілген зиян республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтеледі.
Сөйтіп, соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот төрелігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Президент - республикалық елдердегі мемлекет басшысы. Президент конституциялық талаптарға (жас мөлшері, өмірбаян тазалығы, мемлекеттік тілді білуі, т.б.) сәйкес келетін азаматтар арасынан белгілі бір мерзімге сайланады.