Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы туралы баяндаңыз Қаңлылардың тарихи-мәдени мұрасы. Б. з б. ІІ ғ. «халықтардың ұлы қоныс аударуы»


Найман, керейі, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері туралы жазыңыз



бет4/5
Дата09.02.2023
өлшемі38,13 Kb.
#66361
1   2   3   4   5
Найман, керейі, меркіт, жалайырлар туралы деректердің мәліметтері туралы жазыңыз

Найман мен кереит ұлыстары. Наймандардың, керейіттердің, жалайырлардың ертеректегі мемлекеттері Орталық Азияның шығысында – Қазақстанға шектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардың тарихының Қазақстан тарихыны тікелей қатынасы бар. Көшпелі мемлекеттілктің бастаулары Орталық Азияның гақ шығысында жатыр, ежелден Қазақстанның өз жерінде мекендеген халықтар мен тайпалардың басталатын дәстүрлермен қатар олар кейіннен қазақ мемлекеттілігіне тән болды.
Найман тайпалары одағы VIII ғ орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында «сегіз - оғыз» деген атаумен пайда болған.
Жері: Хангайдан – Тарбағатайға дейін.
«Ляо - шин» қарағанда, Х ғ Орталық Азия даласын жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген, бұл деректемеде олар цзу – бу ортақ атаумен аталады. Олар (цзу - бу) тура Тарбағатайға дейінгі Оралық Азия аумағына қоныстанған. Кидандардың Ляо әулеті кезеңінде «Ляо - ши» беттерінде «найман» атауы пайда болады, ол бәлкім, цзу – будың батыс тобы деп аталуы мүмкін. Түрікше мағынасында «сегіз тайпаның одағы» деген, баламасы бар, яғни найман деген монғол атауын да оларға Ляо әулеті кезінде ионғол тілдес қидандардың бергені күмәнсіз. Найман тайпалар одағы ХІІ ғ бірінші жартысында Елюй Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты аталады.
Деректемелердің көрсеткеніндей, ХІ ғ найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының шығыс сілемдеріне дейінгі аумақты алып жатқан.
Керейіттер туралы алағшқы мәліметтер ХІ ғ соңғы ширегіне жатады, олардың христиан дінін қабылдауына байланысты айтылады. Жері – Тола өзенінің аңғары, Орхон өзенінің орта ағысы және Онгын өзенінің аңғары. Шыңғысхан шапқыншылығы қарсаңында керейіттер бүкіл қазіргі Монғолия мен Алтай аумағында үстемдік еткен, монғолдар да солардың қоластында болған.
Жалайырлар Шыңғысхан имеприясының өрлеу кезіне қарай Хилок және Селенга өзендірінің бойында мекендеген.
Шаруашылығы. Наймандар, керейіттер, жалайырлар негізінен мал шаруашылығымен айналысқан.
Деректемелер жалайырлардың наймандар мен керейіттердің көшіп – қонуын 2 түрге бөледі:

  1. азды – көпті үлкен топтар болып көшкен (күрен әдісі)

  2. жеке әулеттер оқшауланып немесе шағын бірлестіктер болып көшіп жүрген.

Шыңғыс - хан империясының құрылуына байланысты көшіп – қонудың күрен әдісі жайылып, әскери ұйымдық қана қолданылды. Наймандардың басты байлығы үйірлі жылқы болды.
Бірақ наймандар, керейіттер, жалайырлар бір ғана мал шаруашылығымен тіршілік ете алмайьын еді, бұл топшылық алуан түрлі жабайы аңдар мен ішінара балық аулаумен толықтырылып отырды. «Сонымен, - деп жазады Рубрук, - олар өз тамағының едуір бөлігін аң аулау арқылы табады».
Орталық Азияның көшпелі тайпаларының ХІІ ғ бойында күш – қуатының артуы олардың ең ірілерінде наймандарда, керейіттерде, жалайырларда – алдыңғы феодалдық мемлекеттік құрылымдар - ұлыстардың пайда болуына жеткізді. Б. Я. Владимирцевтың көрсеткеніндей, ұлыс алғашқы қауымдық құрылыстың институты болған жоқ, Ұлыс ру емес, тайпа да емес, ол рулық – тайпалық институттардан жоғары тұрды. «Ұлыс» ұғымы ол кезде «халық» дегенді білдіреді. Ұлыстың құрамында қандас туысқандардың болуы міндетті емес еді, оған хан руының өкілдері ғана емес, сонымен бірге бөгде адамдар да енді. Әрбір ұлыс белгілі бір аумақты иеленді, наймандар мен керейіттердің ең үлкен күшті ұлыстарының өз шекаралары болып, олар ара – тұра болса да қорғалып отырды. Шыңғысхан талқандаған керейіттер ұлысының билеушісі Ван – ханның наймандар иелігін қорғаған найман қарауылымен қақтығыста қаза тапқаны мәлім.
Армян авторы Степанос Епископ монғол сарайы жанындағы жоғары лауазымды қайраткерлердің бірі жайында айта келіп, былай дедй: «Бұл адам саны ең көп және күшті жалайыр тайпасынан болатын. Бұл жалайыр тайпасы үлкен – үлкен 10 таршақтан тұрады, олардың әрқайсысы жекелеп алғанда үлкен халыққа айналды.
Ұлыстарды «хандар» басқарған. Хан ұлыс билеушісі басқару аппаратын, бірінші кезекте хан ордасын, оның күзетін басқару және әскерге, жасаққа қолбасшылық ету органдарын құрды. Мемлекеттік биліктің белгілі бір институты ретінде – орда көшпелерде сонау кидандар заманынан белгілі. Хан ордасы басқару орталығы, ұлыстың өзінше бір үкіметі болды.
Хан мен мемлекет мүлкінің арасында айырма болған жоқ. Керейіттер ұлысының билеушісі Ван – ханның «өз жайлаулары мен қысқы жайылымдары болды,» яғни хан жайылымдары қатаң белгіленді. ұлыстың әскерлері ХІІ ғ өзінде – ақ 10, 100, 1000, түмендер бойынша құрылған отрядтарға бөлінді. Найманның мемлекеттік істері қағаз жүзінде жүргізілген. Қағаздар ұйғыр жазуымен жазылып, хан мөрімен бекітілген.
Керейіттер мен наймандар, ең алдымен оның билеуші тобы несторияндық бағыттағы христиандар болды. Ақырында христиан діні кейіннен Шыңғыс хан әулетіне де енді.
Деректемелер наймандар мен керейіттердің көрші тайпалармен соғыстары туралы мәліметтерге толы Рашид ад – Дин: «Керейіттер көптеген тайпалармен, әсіресе найман тайпаларымен көп жауласты.» деп жазады.
Қытай деректемелерінде керейіттер мен наймандардың көшпелі көршілермен ғана емес, сонымен қатар отырықшы мәдениеті бар мемлекеттермен - Танғұт мемлекетімен (Си Ся) және ұйғыр иелігімен тығыз мәдени және саяси байланыстар жасағаны туралы мәліметтер де бар. Наймандар мен керейіттердің билеуші тобы ұйғырлардың ықпалымен несториян бағытындағы христиан дінін, ұйғыр жазуын қабылдады.
«Юань – ши» қазіргі Қазақстан аумағында мемлекеттік құрылымы болған қаңлылар мен керейіттердің өзара саяси және аумақтық байланыстарының қалыптасқанын, бірқатар қаңлы шонжарларының өкілдерінің керейіттер билеушісі Тоғұрыл – Ван – ханда қызмет атқарғанын көрсетеді.
Наймандар мен қаңлылардың туыстығын ертеректе VII ғ екінші жартысында ұйғыр саяхатшыларының да көрсеткенін қосуға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет