Алимбаев аслан есемканович



бет18/23
Дата02.03.2022
өлшемі263,17 Kb.
#26879
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
«Табыну» мотиві. Адам баласында Алла тағалаға, әулие, тағы басқа киелі тылсым күшке сыйыну мен сенудің және оған берілудің бірнеше жолдары бар. Солардың бірі – табыну. Адамдар осы табыну арқылы діни ұғымның таным-түсінігін, оның құдыретті күшін дәріптейді. Оған өзі де, өзгені де сендіреді, тоқтатады. Қазақтар көбінесе Жартаушы құдыреттен басқа аруаққа табынады. Олардан көмек күтеді, бала тілейді, ауру-сырқауына шипа іздейді. Табынудың ақсарбас айту, тасаттық беру, әулие басына түнеу, мойнына бұршақ салу, құрбандық шалу, қайыр-садақа беру, т.б. жөн-жосықтар мен ырым-тыйымдары, өзгеше көріністері де бар. Бұл дәстүрді ел ішінен әлі де жиі кездестіруге болады», деп этнограф жазушы С. Кенжеахметовтің «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» деген еңбегінде жазады.

Белгілі әдебиеттанушы, фольклорист ғалым Ж.Ә. Аймұхамбет «Табиғатқа табыну қазақ мифтерінде еркеше орын алады. Ш.Уәлиханов қазақтар арасындағы шамандық тін туралы айта келіп, оның дүниеге келуі табиғатқа жалрылай және жекелей сыйынуға байланысты дейді. Табиғаттағы зат пен құбылыс атаулы адам сияқты түйсінеді, тіршілік етеді деген түсініктің өзі табиғатқа табыну, табиғат пен рухты тең деп түсіну сенімімен туындаған. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, шамандық сенім – қазақтардың дүниетанымы, яғни мифологиясы» [47, б. 8]. Демек, мифтік таным түркі жазба ескерткіштерінде де барын аңғаруымызға болады.

«Биікте көк тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаралған». Көк Тәңірі (Көк аспан) – ол кәдімгі көзге көрінетін аспанға қарама-қарсы қойылатын заттық аспан емес. Адам таным, түйсігіндегі жаратушы екені анық.

Халық ауыз әдебиеті үлгілерінде де әр істі бастарда жаратушыны еске алып, негізі неде екенін естен шығармағанын көреміз. Мысал ретінде жұмысымызда талдап жатқан қаһармандық жырдың бірі – «Қобыланды батыр» дастанынында: «Алланың досы Мұхамбет, Тек тапсырдым қолына» [30, б. 56], деп келетін жолдар арқылы жолға шыққан жолушыға, жауға аттанған батырға, т.б. жоралғылардың алдында үлкендер бата беріп, «Аллаға тапсырдым» деп айтудың да сол көне замандардан келе жатқан салт.

Көне түркі әдебиетінде батырлардың жауға шабуымен, жерлерін кеңейту ғана емес салт-жоралғылар да көрініс тапқан. Атап айтар болсақ, жерлеу, қайтқан адам басына белгі қою, жоқтау секілді жоралғылар суреттеледі. Көк түрктердің діни сенімі әуелден ислам болмағаны жоғарыда атап өттік, дейтұрғанмен Х ғасырда ислам діні келгеннен бастап, осы күнге дейін ата-баба дәстүрі мен діни шарттар бітеқайнап үйлесімділікте, үндестікте дамып осы күнге дейін жетіп отыр. «[Олар] өздері Солай кергек болды (дүниеден өтті). Жоқтаушы жылап-сықтаушы күн шығыстағы бөклі шөлі елінен, табғач, тибет, абар, үрім, қырғыз, үш-құрыхан, отыз-татар, қытай (кидан), татабылардан бұнша халық келіп сықтады, жоқтады. Осындай күліг (даңқты) қағандар еді» [32, б. 69]. Түрк елін Ұлы империя дәрежесіне жеткізген бектері қайтыс болғанда төрт тараптағы елдің барлығы жерлеуге келеді. Олардың барлығы кейін жау болады. Билікке келген қағандардың біліксіздігінен жауларына алданып түрк халқы жойылу халіне дейін жетеді. Елге сыйлы, құрметті, беделді кісі қайтыс болғанда көп халық жиналады. Бұл да осы күнге дейін жалғасып келе жатқан жоралғылардың бірі.

Біліксіз қағандардың кесірінен елі толығымен жау қолына өткеннен кейін тылсым күш, яғни тәңірі жар болып, ерекше туған ұлдары ел басына келіп, білікті қағандардың жолын жалғайды. Олар Күлтегін мен Білге қағандар еді. Осы екі ұлы тұлғалар жайлы жазылған жырды нысанаға алып жан жақты талдап, шығармадағы ой тұжырымдарды пайымдаудамыз. Елдің әл-ауқатын көтеріп, биік белестерге жетелеген батырлардың дүниеден өтуі елі үшін, артында қалған халқы үшін үлкен өкініш екені рас. Тұлғаларды ел жадында мәңгі қалдыру мақсатында жасалған істерін тасқа қашап, мәңгі белгі қалдырды. Осы жырда Күлтегін дүниеден өткеніне байланысты жоқтау мен көңіл айту салттары төмендегідей жырланады.

«Інім Күлтегін қаза болды. Өзім қайғырдым. Көрер көзім көрместей, білер білігім білместей болды. Өзім қайғырдым. Уақытты Тәңірі жасар, адам баласының бәрі өлгелі туған. Осылайша қайғырдым. Көзге жас келсе – кетер, көңілге шер келсе – ұмытылар. Қайғырдым. Қатты қайғырдым. Екі шад, соңымдағы туғандарымның, ұрпақтарымның, бектерімнің, халқымның көзі, қасы әз болады-ау деп қайғырдым. Жоқтаушылар, жылап-сықтаушылар, қытай (кидан), татабы халқын бастап Удар-Сеңүн келді. Табғач қағаннан Іси Ликең келді. Бір түмен торғын, есепсіз алтын, күміс алып келді. Түпүт /тибет/ қағанынан Бөлен келді. Артық күн батыстан Соғда, Бершекер, Бұ-харақ Ұлыстарының халқынан Нек-сүңен, Оғул-тархан келді» [32, б. 74]. Бұл үзіндіден көріп отырғанымыздай жоқтау мен бата жасау мотивтері көрініс тапқан. Жоқтау діни салтқа жатпайтын, таза халықтық салт болып саналады. Бұл жөнінде этнограф ғалым С. Кенжеахметов жоқтау туралы төмендегідей түсініктеме береді: «Жоқтау (салт). Жоқтау – аза ғұрпын көтере түсетін қайғыны басатын, қазаға аса лайықты қаралы салттың бірегей түрі. Қайтыс болған адамның жақсылығын, еліне істеген қызметін, жақсы қасиеттерін паш ететін тұрмыс-салт дәстүрі, жыры, зарлы өлең» [48, б. 293].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет