Жүрегім сен үшін
Мен сені сүйдім, сүйіп жүрмін əлі күнге,
Екеумізді қосуын, жалынамын тəңіріме!
Бір жандар бар, бір-бірін ұнатпайтын да
Өзіңсіз жүре алмаймын, жаным мүлде
Мен сені армандап, сезімді ұзақ күттім,
Санын білсең сен, сол бір ұзақтықтың!
Əрине, бір көргеннен ғашық болып мен,
Жолыңды жасаған көп, тұзақ қып кім?
Ұзақ күтіппін, сол бір сүйіп аңсағаным,
Сұлу келбетіңе, қарап мен тамсанамын
Армандарым азаятын еді енді менің де!
Өзің келіп, өзіңмен бірге жанса бағым!!
Мынау менің жүрегім, мəңгілік сен үшін,
Себебі сен, мендік жүректің бір теңісің!
Өмірлік серігім болшы десем мен
Берші жаным, тура қазір маған келісім!
Ұстазыма
Мұғалім деген - шəкірттертің анасы,
Əрбір шəкірт - бауыр басқан баласы.
Əліппеден сауат ашып үйретер
Білім - теңіз, тұңғиықтай данасы.
Мұғалімнің еңбегі зор талмайтұғын,
Шəкіртттерін жақсылыққа баулитұғын.
Көңілі көктем, жаны да қардай әппақ
Көктемнің көк гүліндей жайнайтұғын.
Қанша уақыт, қанша жылдар өтсе-дағы,
Оқушылары түлеп ұшып кетсе-дағы.
Мұғалімдер - мəңгілік дара тұлға,
Шəкіртімен мақтанатын асыл жаны.
Күтпеші мені
Сендегі сезім өштіме жаным, білмеймін.
Күтпеші мені, күтпеші саған келмеймін.
Мендегі сезім сөніп жатыр ғой күн сайын
Кешірші жаным, мен енді сені көрмеймін.
Сендегі жүрек білемін мені қимайды,
Мендегі жүрек қапасқа енді сыймайды.
Білесің өзің ешқашан бірге болмайтын
Алланың өзі жаратқан екен күн, айды.
Күтпеші мені, күтпеші мені еш жерде,
Қаралы суық ,қаһарлы аяз кештерде,
Қазіргі менің жағдайым өзің білесің
Күліп жүргенім әрине мұным бетперде.
Кінәлімін мен, қайтпекпін енді амал не?
Бақытым шығар маңдайға жазған болар деп.
Көзімді жұма қарайын десем бәріне
Көнбейді-ау жүрек ауыздан шыққан сөзіме.
Сүйе алмайды екем, сүйе алмайды екем сымбаттым.
Өткізген уақыт сенімен бірге қымбат тым.
Жүрекке әмір жүрмейді екен расымен
Қол бұлғап саған алыстан ғана үн қаттым,
* * *
Кімге арналады дейсіз бе өлеңдерің?
Шағамын демес едім өлеңге мұң ,
Жай ғана бір суретті көріп қалып
Сөздері құралады өлеңдердің...
Мен ғашық та емеспін ешбір жанға,
Жүрегіме жан да жоқ ешбір дара.
Мен өлеңді өшірем шығарып ап,
Туған кезде қайтадан өлең жаңа.
Ешкімге ғашық өлең арнамадым,
Дұрыс та болмас сізді алдағаным.
Бір ару ғашық болып сүйіп жатса
Сізге айтамын сол сəтте алда бəрін.
Достарыңызбен бөлісу: |