Туындыларды жинап, әзірлеп, баспаға ұсынғандар:
Бас редактор – С. Қ. Оразалин
Редактор – А. С. Қалымбек.
Пікір жазған:
Қазақстан Республиксы Жазушылар одағының төрағасы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын – Ұлықбек Есдәулет
Мөлдір бұлақ: Студенттер шығармашылығы. Өлеңдер, көркемсөздер, ойтолғаулар және мақалалар жинағы.
– Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Берел» баспасы, 2018.
«Мөлдір бұлақ» атты шығармашылық жинақта университет табалдырығын енді аттаған, білім нәрімен сусындап, өнер биігіне талпынған, сондай-ақ оқу ордасын бітіргелі жүрген студент ұл-қыздардың туған жерге, елге, ата-анасына деген сағынышы мен махаббаты, Отанына, тіліне, салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарына деген сүйіспеншілігі, ішкі жан-дүниесінің толғанысы, қуаныш, ғашықтық, өкініш секілді алуан сезімдері көрініс тапқан.
(с) С. Аманжолов атындағы ШҚМУ, 2018.
Алғы сөз
«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» дейді қазақтың ұлы ойшылы, ақын Абай. Яғни, бұл ақындық, шешендік, суырыпсалмалық, сұлу сөзден түйін түйіп, қара сөздің құдіретін түсіну – қазақ халқының ұлттық болмысымен, күнделікті тұрмыс-тіршілігімен астасып кеткен біртұтас дүние. Сондай-ақ әдебиет дегеніміз – барлық ғылым-білімнен жоғары тұратын, белгілі бір шегі мен кеңістігі жоқ, ұшы-қиырсыз әлем. Біздің білім ордамызда сол бір белгілі де белгісіз әлемге ұмтылып, құлаш сермейтін талантты жастарымыздың бар екені қуантады.
Жинақ ішіндегі әрбір өлеңде қалғып кеткен көңілді, ұйықтап жатқан жүректі селт еткізетін, жанамын деген жүрекке от беретін қанатты ойлар жеткілікті.
Бұл жинаққа студент жастардың шығармалары енгізіліп отыр. Дәстүр сабақтастығын үзбей жалғастыратын қыз-жігіттеріміз көп болсын! Тырнақалды туындыларын көпке ұсынып жүрген жас қаламгерлердің бастаудан шығып жатқан қайнар бұлақтай балғын, балауса өлең, көркемсөз, ой-толғауларын «Мөлдір бұлақ» деген атаумен жарыққа шығарғанды жөн көрдік.
Достарыңызбен бөлісу: |