Шолақорда
Ұдайы аңызақ жел есіп тұратын,
Топ шеңгел күбірлей кеңсіп тұратын.
Көк теңіз аспанда күн балқып тұратын
Бетінде бұлт-қаймақ бір қалқып тұратын.
Шиі мен қияғы толқындап тұратын
Күнұзақ алтындай жарқылдап тұратын.
Қоңырсаз бұлағы солқылдап тұратын
Көк орай құрағы салқындап тұратын.
Топырақ, құмы да кіл жанып тұратын
Аңсатқан ақ жауын бір жауып тұратын
«Ат жарыс» қызығын ел көріп тұратын
Қыналы қырлары тербеліп тұратын.
Ақ боран ақпаны бет қарып тұратын,
Ағайын бірлігін бек тауып тұратын
Дұғасы сансыз іс атқарып тұратын
Туған жер, кәдеңе жарасам – мұратым!
Достарыңызбен бөлісу: |