Көмірсутектер



бет1/2
Дата11.04.2023
өлшемі53,54 Kb.
#81688
  1   2

Мұнай-грек халқының «нафта» деген сөзінен шыққан «нафта» жарып шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Шынында, жер бетінде кездесетін мұнай мен газ, көздерінің терең орналасқан қабаттарымен адам баласына жұмбақ болып келді. Кейбір ойпаттарды жер қойнауын жарып шығып атқылап , кейде бұлақ болып ағып жататын «қарамай» немесе үзілмес от болып жанып тұратын таңғажайып жаратылыс құбылыстары халыққа әр заманда «құдірет күші» деп танылады.
Ерте дәуірлерде адам баласы Терістік Италия мемлекетінде жер қойнауын жарып шығып қайнар болып ағып жатқан мұнайды тастан жасалған ыдыстарға құйып, қараңғы мезгілдерде жарық ретінде пайдалануды білген. Геродот өзінің шығармаларында Тигр мен Ефрат өзендерінің бойында көптеген мұнай көздерінің болғандығын, жиналған мұнайдан пайда болған асфалтті Вавилон қаласында құрылыс материалдары есебінде қолданылғалы туралы айтады.
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады;пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды,нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегіазоткүкіртасфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.
Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы, Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай өндіріледі.Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензинкеросинлигроинпарафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлардәрі-дәрмектерпластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.
Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай тасымалының алғашқы легі бірнеше темір құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана пайдаланатын болған.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет