Қалымбек Аян Советұлы



бет43/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69
Байланысты:
olender

Дүйсенғали Шынар -

2000 жылы 22 – қарашада ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жаңаауыл ауылында туған.

Журналистика мамандығының 1-курс студенті.

Анашымды сағындым
Жанарыңнан бақыт жасы мөлдіреп,

Нәзік жаның тұрушы еді елжіреп,

Құшақ жая қарсы алушы ең анашым

«Сағындырған балапаным келді» деп.


Сырласқанда айтқан ақыл сөздерің,

Көз алдымда құшақ жайған кездерің,

Сол күндердің соңғы сәттер екенін

Анашым-ау, мен қалайша сезбедім.


Өмір деген қайғы-мұңсыз болмайды

Сенің орның ешқашан да толмайды.

Армандарым орындалды десем де

Арман гүлің, анашым-ау солмайды.

Жастығымда көтерткізіп нар жүгін,

Тағдыр мені налытады ал бүгін.

Анашымды арамыздан әкетіп

Әкемізге арта салды бар жүгін.


Бұл өлеңім жүрек сырын қозғапты,

Тағдырымның жазғанынан озбапты.

Әттең Ана, қайтеміз-ау маңдайға

Бізбен бірге бір болуды жазбапты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет