Қалымбек Аян Советұлы



бет46/69
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#12214
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69
Байланысты:
olender

Ел тірегі – елбасы!
Қазағым деп соққан мәңгі жүрегі,
Ұлтымызға жанашыр жан ұл еді.
Туған жердің, Атамекен елімнің,
Ол әрқашан амандығын тіледі.

Дара біткен маңдайына қазақтың, 


Келсе-дағы қасіретті азап күн.
Қарсы тұрып қиындықтың бәріне,
Елбасымыз қамын жеген Алаштың.

Ел жайына алаңдаған Елбасы,


Тәуелсіздік жолын салған Елбасы.
Кең байтақты ұлан ғайыр жерімді, 
Өзге жұртқа жат қылмаған Елбасы.

Күн-түн демей халық қамын ойлаған,


Желбіретіп көкке көк ту байлаған.

Бар ғұмырын арнап мәңгі еліне,
Қуанышын, шаттығын бірге тойлаған.

Еңбегінің жемісін елім біледі,


Әр күн сіздің барыңызды тіледі.
Қанша құрмет, марапат беріп өзіңе,
Атыңды әркез асқақтатып жүреді.

Елің үшін қызмет еттің аянбай,


Келесің ылғи ұрпағың үшін алаңдай.
Қазақстан әлем сүйген ел бүгін,
Бірлігі мықты, бұзылмайтын қамалдай.

Батылдығың, қайсарлығың өшпесін,
Рухың биік тек қана алға өрлесін.
Қазағымды танытып бар әлемге,
Ең мақтаулы, керемет бір жер десін.

Аман-сау боп өмір сүре беріңіз,


Мақтанышпен мадақтасын еліңіз.
Тыныштық пен берекесі кетпесін,
Азат болсын Атамекен жеріміз!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет