59
Дауыстылардың жинақы/шашыраңқы белгілері көрнекі өрнектел-
ген. Өрнек ашық жалаң дауыстылардың дәстүрлі жуан/жіңішке жік-
телімін көрнекі пысықтап тұр.
Дауыстылардың жуан/жіңішке белгілері естілім деңгейінде өте
анық аңғарылатын болып шықты. Естілім талданымға қатысқан ауди-
торлардың 98 %-ға жуығы дұрыс белгілеп шықты.
Мұның өзі ашық дауысты дыбыстар үшін акустикалық көрсет-
кіштер мен естілім нәтижелерінің орнықты екенін көрсетеді.
Қысаң дауыстылардың тобы үндесім тұрғысынан толық болып
табылады. Бұл топта жуан езулік
ы, жіңішке езулік
і, жуан еріндік
ұ,
жіңішке еріндік
ү дауыстылары түгел бар. Сондықтан олардың өзара
үндесім айырмашылығын талдап шығу біршама күрделі болады.
Бірінші кезекте
ы/і жұбын аламыз, дауыстылардың жұбы қою сы-
зықпен көмкеріліп, қою жебемен қосылған.
Ы
І
Ұ
Ү
Өрнектен көрініп тұрғандай, қысаң дауыстылар өзара алты рет
жұптасады. Ендеше, акустикалық және перцепциялық талданым алты
рет қайталанады.
Ы/І дауысты дыбыстарының акустикалық жұбы.
Бірінші кезекте артикуляциялық белгілерінің жаңғыртқылар
(резонаторлар) моделі жасалды (4.14-сурет).
72
Өрнектен көрініп тұрғандай, қысаң дауыстылар өзара алты рет жұптасады.
Ендеше, акустикалық және перцепциялық талданым алты рет қайталанады.
Ы/І дауысты дыбыстарының акустикалық жұбы.
Бірінші кезекте артикуляциялық белгілерінің жаңғыртқылар (резонаторлар)
моделі жасалды (5.14-сурет).
5.14-сурет. Дауысты
ы/і дыбыстарының жаңғыртқылар жүйесі
Достарыңызбен бөлісу: