51
Өзара артикуляциялық үйлесімі күшті,
естілімі ұқсас болып
келетін қысаң дауыстылар мен үнді дауыстылар тіркесінің құрамды
бөліктерін ажыратып алу оңай болмайды (оның үстіне орыс тілінің
ы, и
дауыстыларының естілімі мен қазақ тілінің
ый, ій дыбыс тіркестерінің
естілімі өзара ұқсас болуы да өз әсерін тигізді. Кезінде қазақтың төл
сөздерінің құрамында
и таңбасын жазу туралы тоталитарлық ереже қа-
былдауға да, сөз жоқ, осы жай себеп болған болу керек).
Олардың құрамды бөліктерінің жігін ажыратудың бірнеше тәсілі
бар.
Солардың бірі – морфемалық талдау: егер өзге морфемалық жігі
анық
тіркестермен ұқсас келсе, яғни арасынан морфема жігі өтетін
болса, онда олар дербес-дербес дыбыстардың тіркесі болып саналады.
Ендеше, бірінші, морфемалық жігі анық тіркестермен салыстырып
шығу керек. Төмендегі түбір морфемалар дыбыс құрамының әртүр-
лілігіне қарамай, бірыңғай тілдік бірліктер болып табылады (көпшілік-
ке түсінікті болу үшін тіркес транскрипциялары да
кирилше беріліп
отыр):
ай [ай], әй [әй], ей [ей], ой [ой], өй [өй], ұй [ұй], үй [үй], и [ый], и [ій]
Алғашқы жеті сөздің (тіркестің) дыбыс құрамына ешкім күмән-
данбайды, ал соңғы
и арқылы жазылып отырған сөзге (тіркеске) кел-
генде күмән басталады. Шындығында, барлығы да әртүрлі дауысты
дыбыстар мен үнді, жуысыңқы, тіл ортасы (тілшік)
й дауыссызының
тіркесі болып келеді. Егер
ай немесе
үй тіркестерінің дыбыс құрамы
күмән туғызбайтын болса, онда солармен теңдес
ый, ій тіркестерінің
де дыбыс құрамы күмән туғызбау керек.
Тіптен, басқаны былай қойғанда,
и таңбасы бір дауысты дыбыс бол-
са, онда
ми деген сөдің құрамында неге жуан айтылып,
ти деген сөздің
құрамында неге жіңішке айтылып, екі түрлі дыбысталады деп ойлану ке-
рек. Өйткені
и таңбасы бірде құрамында жуан
ы дауыстысы бар
ый тір-
кесін, бірде құрамында жіңішке
і дауыстысы бар
ій тіркесін белгілейді.
Енді
у таңбасымен келетін бірыңғай сөздер тобы алынды (
у
таңбасының мәні түсінікті болу үшін ол
арнайы w таңбасымен
белгіленіп отыр):
ау [аw], әу [әw], оу [оw], өу [өw], у [ұw], у [үw]
Алғашқы төрт сөздің (қазақ тілінде
ы, і, е дауыстылары
у[w] да-
уыссызымен тіркеспейді) дыбыс құрамына ешкім күмәнданбайды, ал
52
соңғы
у арқылы жазылып отырған екі сөзге (тіркеске) келгенде тағы
да күмән басталады. Шындығында, барлығы да әртүрлі дауысты ды-
быстар мен үнді, жуысыңқы, еріндік
у дауыссызының тіркесі болып
келеді. Егер
ау немесе
әу сөздерінің дыбыс құрамына күмән тумайтын
болса, онда солармен теңдес
ұу, үу сөздерінің (тіркестерінің) де дыбыс
құрамына күмән тумау керек.
Тағы да, басқаны былай қойғанда,
у таңбасы бір дауысты дыбыс
болса, онда
алу деген сөдің құрамында неге жуан айтылып,
елу деген
сөздің құрамында неге жіңішке айтылып, екі түрлі дыбысталады деп
ойлану керек. Өйткені
у таңбасы бірде құрамында жуан
ұ дауыстысы
бар
ұу тіркесін, бірде құрамында жіңішке
ү дауыстысы бар
үу тіркесін
белгілейді.
Екінші, түбір морфема мен қосымша морфеманың жігі:
май [май], ма-йы [ма-йы]
ми [мый], ми-ы [мы-йы]
тау [тау], та-уы [та-уы]
ту [тұу], ту-ы [тұ-уы]
Қазақ тіліндегі қосымшалар талғампаз келеді. Соның бірі түбір
морфеманың дауысты не дауыссызға бітуіне байланысты. Егер
май,
Достарыңызбен бөлісу: