Синквейн (фран.Cinquains, ағыл. Cinquain) — Жапондық поэзия әсерінен ХХ ғасырдың басында Америка Құрама Штаттарында пайда болған бес жолдық өлең нысаны. Кейінірек (соңғы кездерде және 1972 жылдардан бастап, Ресейде) дидактикалық мақсататрда, тиімді әрі әсерлі сөз дамыту мақсаттарында қолданысқа енді. Кейбір әдіскерлердің ойынша «синквейн» оқушыларға күрделі ақпаратты синтиздеуде, олардың тұжырым жасау және (лексикалық ққабілеттерін бағалауда тез шешімін табуға «синквейн» ыңғайлы деп санаған), сөздік қорын дамытуына тиімді, пайдалы деп танылған[1].
Тарихы
ХХ ғасырдың басында дәстүрлі синквейнді американдық ақын Аделаида Крэпси (Adelaida Crapsey) жапонның дәстүрлі хайку және танка жанырындағы шығармаларына сүйене отырып дамытты. Синквейн 1914 жылы Аделаиданың өлімінен кейінгі қлеңдер жинағынан табылып, қайта басылып шықты.
Құрастыру ережелері
Дәстүрлі синквейн бес жолдан тұрады, әрбір өлең буынына негізделегн: оның буындық құрылымы -2-4-6-8-2, яғни барлығы 22 буын. Кері синквейн- өлеңдердің тізбегі 2-8-6-4-2; Екі жақты немесе айна – екі бес жолдық өлеңдерден тұрады, яғни біріншісі – дәстүрлі, екіншісі – кері синквейн. Синквейн көбелек немесе Көбелек синквейні тоғыз жолдық нысаны бар, силлабикалық құрлымы 2-4-6-8-2-8-6-4-2. Синквейн тәжі – қорытынды өлең қалыптастыратын бес дәстүрлі синквейн Синквейн өрнегі – алтыншы синквейннің бірінші желісі біріншіу синквейннен, екіншісі екінші синквейнен алынған, синквейндер тәжі.
Дидактикалық синквейн
Дидактикалық синквейн Американдық мектеп тәжірибесінде дамыған. Бұл жанрында, буындық тәуелділік бойынша емес, әрбір желісінің құрамдық, синтаксисттік берілуі мен тәуелділігіне байланысты. Бірінші жол – синквейн тақырыбы, талқыланатын нысан мен заттың атауы бір сөзден тұратын (зат есім немесе есімдік). Екінші жол – екі сөз (көбіне сын есім), тақырыпта талқылайтын нысан мен затты сипаттайтын болуы керек.