Түсіндіру
– ғылыми дәлелдемелерде, ғылыми ұғымдар мен қағида-
ларды қалыптастыруда, заңдар мен зандылықтарды зерттеуде қолданы-
латын негізгі әдіс. Бұл әдістегі басты мәселе
– ой-пікірдің
логикалық
ғылыми дәлелділігі. Түсіндіру әдісін пайдаланғанда оқу материалының
ғылыми сипатын еске аламыз. Ғылыми ойдың логикасы түсіндіруге қойы-
латын негізгі талаптарды анықтайды. Осы тұрғыдан қарағанда мұғалім
оқу пәнінің ғылыми мазмұнын терең білуі, сабаққа қажетті материалды
таңдап ала білуі, түсіндіру терендігін білу керек. Одан әрі түсіндіру жүйе-
сінде балалардың берілген материалды оқуының мақсатын белгілеуі,
теориялық қағидаларды бөліп алуы, дәлелдемелер құрамын анықтауы,
деректі материалды таңдап алуы керек.
Түсіндірудің қол жетерлігі көбінесе баяндау стиліне тәуелді болады.
Алдын ала не түсіндіру барысында, әсіресе бастауыш мектепте, балаға
түсініксіз жеке атаулардың (терминдердің) мәнін ашып айтып отыру
арнайы дидактиканың талаптарының бірі. Өте күрделі, оралымсыз сөй-
лемдерден аулақ болып, мұғалім сөзі түсінікті, сендірімді, сенімді келіп,
одан оқушыға деген құрмет сезілуі тиіс. Сабақта түсіндіру барысын
өзгертпеуге тырысу керек, арнайы сөздік жұмысын өткізу талап. Бұл жұ-
мысты орындауда мұғалім тарапынан жақсы нұсқау керек.
Өз бетімен жұмыс жасау барысында білім алу дамудың негізгі жолы
болғандықтан, оқушылардың таным әрекетінің ерекшеліктерін жан-жақты
ескеру керек. Арнайы мектептегі мұғалім оқу материалын баяндауда оқу-
шылардың белсенділігіне, ынтасына, ерекше білім деңгейіне сүйенеді,
материалдың мазмұнын дәлелдейді, кейбір ережелердің заңдардын маз-
мұнын ашады. Материалды түсіндіруде түрлі кұралдарды есептер шыға-
руды, жазып алу кең түрінен қолданылады оқушылар баяндау процесін-
де сұраққа жауап береді, пайымдайды, дәлелдеуге тырысады. Арнайы
мектепке түсіндіру бастуыш сыныптарда бес-жеті минут, жоғары сынып-
тарда он, он бес минуттан аспайды, ойткені бұл әдіс мүмкіндіктері шек-
теулі балалар үшін қиын, себебі таным процестерінің толық жетілмеуі.
Арнайы мектеп оқушыларына түсіндіру әдісін қолдана отырып, мұғалім
олардан қалай нені түсіндіргенін әр қашан үздіксіз, тұрақты түрде
тексеруі тиіс. Бұл жұмыс болашақта білімнің жартыкештігін алдын алады.
Оқыту әдістерінің бұл тобымен оқыту нәтижесі мұғалімнің сөйлемді
дұрыс құрастыруына және оқушының сөзбен баяндалған материал маз-
мұнын түсіну білігіне тәуелді болады. Окытудың сөздік әдістері мұғалім-
нен түсіндіруде логикалық тізбектестікті және дәлелділікті, материалдың
күмән тудырмай бейнелі және көтеріңкі кеңіл – күй сезімімен баянда-
луын, тілдің әдеби және айқындығын талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: