Алипбаева Г. А., Нурова А. К. ҚОршаған әлемді оқыту әдістемесі


Өз-өзін бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет26/37
Дата19.10.2023
өлшемі1,67 Mb.
#119136
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
Байланысты:
Алипбаева Г.А. Қоршаған әлемді оқыту әдістемесі 6

Өз-өзін бақылау сұрақтары: 
1. 
Жұмыс дәптерінің ерекшеліктері


2. 
Жұмыс дәптерлерінің түрлері 
3. 
Арнайы мектептерде дәстүрлі білімді тексерудің түрлері. 


ТАРАУ 3 Арнайы мектепте қоршаған айналаны оқыту әдістері 
Жоспары: 
3.1 Қоршаған айналаны оқыту әдістемесін оқытудың сөздік әдістері 
3.2 Қоршаған айналаны оқыту әдістемесін оқытудың көрнекі әдістері 
3.3 Қоршаған айналаны оқыту әдістемесін оқытудың тәжірибелік әдістері 
 
3.1 Қоршаған айналаны оқыту әдістемесін оқытудың сөздік 
әдістері 
Әдіс 
– оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс 
орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қол-
данатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар 
ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушы-
ның ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. 
Оқытуда ең басты нәрсе – оқушылардың танымдық жұмыстары. Оқыту 
әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжіри-
бенің арасын жақындатады. 
Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан 
білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант 
сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік 
жүйелер арқылы білім алу мүмкіндігі бар. 
М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық 
мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім 
алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығарма-
шылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған 
авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі – дидактикалық мақсатқа 
жету үшін оқушылардың іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл 
саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестен-
дірілген. 
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушылардың танымдық 
жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой 
жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді. 
Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін оқушылардың таным-
дық белсенділігі әртүрлі. 
Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде сақтап, 
кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен бола-
ды.
Оқытудың мақсаты оқушының адамзат тәжірибесін игеруінде. Оқыту 
әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсіл, ал мақсатқа 
жету мұғалімнің шеберлігіне, оның оқыту процесін тиімді ұйымдастыра 
білуіне оқушылардың даярлық дәрежесіне, мұғалім мен оқушылардың 
белсенділігі педагогикалық ынтымақтастыққа байланысты.
 
Оқыту процесінің нәтижесі ең алдымен оқушылардың оқыту әдістер-
дің ұйымдастыруға тәуелді. Сондықтан, мұғалімдер оқыту әдістерін 
жетілдіру үінін әртүрлі тәсілдер колданылады.
 


Оқыту әдістері арнайы зерттеу негізінде топтарға бөлінді. Оқыту 
әдістерін әртүрлі белгімен топтастыруға болады. Мысалы, оқыту кезе-
ніне байланысты жіктеуге болады. 

білім алудың алғашқы кезеніндегі әдістер; 

білімді бекіту кезеңіндегі әдістер; 

дамыту әдістері. 
Арнайы педагогиканың дидактикасы, жалпы педагогиканың әдістерін 
қолдана отырып, өзінің арнайы әдістерін ажыратады. Олар: 

логикалық әдістер-бұл индукция, дедукция жолымен оқыту. 

гностикалық әдістер – іздеуге байланыстырылған әдістер 

репродуктивті әдістер – еске түсіру, қайталау әдісі 
Бұл әдістер жалпы мектепте дербестілік жолымен болса, арнайы 
мектепте тек мұғалімнің жетекшілігімен ғана іске асырылуы мүмкін. 
Арнайы оқыту әдістерінің жіктелуі жалпы педагогиканың әдістерінің жік-
телуімен бірдей. Ол жіктеу бойынша әдістер үш топқа бөлінеді. 

сөздік әдістер тобы; 

көрнекілік әдістер тобы; 

практикалық әдістер тобы. 
Бұлай топқа бөлудің білім алуда негізгі танымдық іс-әрекеттің 
жетекші жолы ретінде қарау болып табылады. 
Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіндру, кітаппен жұмыс 
істеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет