1-тапсырма Мәтінді тыңда.
Мынау – Марат. Ол – оқушы. Оның қаламы, қарындаштары бар. Қаламының түсі көк. Марат қаламмен жазады. Қарындашпен сурет салады.
Сұрақтарға жауап бер.
1. Мараттың қандай оқу құралдары бар?
2. Қаламының түсі қандай?
3. Суреттен Мараттың оқу құралдарын тауып, белгіле ().
Дескриптор
Білім алушы - мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге сәйкес суреттерді анықтайды.
2-тапсырма Сөйлемдерді тыңда. Сөйлемге сәйкес суретті белгіле ().
1.Мен мектепке барамын.
2.Мен сабақта отырмын.
3. Мен үзіліске шықтым.
4.Мен тамақ іштім.
Дескриптор
Білім алушы - берілген сөйлемдерге сәйкес суреттерді анықтайды.
Бөлім: «Айтылым»
Бөлімше 2.1. «Сөздік қорды толықтыру»
Оқу мақсаты
1.2.1.1 Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану
Білім алушы - диалогті тақырыпқа сәйкес жалғастырады;
- суреттің мазмұнынан сәйкес сұрақтар құрастырады;
- сұхбаттасын түсініп, сұраққа жауап береді;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
Тапсырма Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Төмендегі сұрақтарды пайдалан.
Суреттен не көріп тұрсың?
Бала күшігіне не көрсетіп отыр?
Күшік не істеді?
Қарға не айтып тұр деп ойлайсың?
Дескриптор
Білім алушы - сұрақтарға сүйеніп, сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;
- сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырады;
- сөйлемдердің байланысын сақтай отырып, мәтін құрастырады.
Бөлім: «Тілдік дағдылар»
Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)»
Оқу мақсаты
1.5.1. 1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/ санын /іс- қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Заттың атын білдіретін сөздерді атайды және дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма Суретке мұқият қара. Суреттен кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып айт. Олармен сөйлем құрастыр.
Дескриптор
Білім алушы - сурет бойынша заттың атын білдіретін сөздерді анықтайды;
- суреттің мазмұны бойынша зат есімдерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады.
Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)»
Оқу мақсаты
1.5.1.2* .Мұғалімнің қолдауымен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сөйлеу барысында тәуелдік жалғауларын орынды қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма Суреттерді толықтырып сал. Менің/сенің/ оның сөздерінің біреуін пайдаланып, ұлды немесе қызды таныстыр.
Дескриптор
Білім алушы - бет-әлпет атауларын дұрыс атайды;
- суретті сипаттап айтады;
- тәуелдік жалғауын дұрыс қолданады.
Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)»
Оқу мақсаты
1.5.1.3 *Сөйлеу барысында мұғалім қолдауымен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымды/болымсыз етістікті қолдану.
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сөйлеу барысында етістіктің шақтарын орынды пайдаланады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма Жақшаның ішінен сөйлемге сәйкес сөзді тауып айт.