Бармақ әке, бармақ әке, қайдасың?
Мұндамын, осында.
Қалың қалай?
Бармақ ана, бармақ ана, қайдасың?
Мұндамын, осында.
Қалың қалай?
Бармақ аға, бармақ аға, қайдасың?
Мұндамын, осында.
Қалың қалай?
Бармақ әпке, бармақ әпке, қайдасың?
Мұндамын, осында.
Қалың қалай?
Бармақ бөбек, бармақ бөбек, қайдасың?
Мұндамын, осында.
Қалың қалай?
Отбасы мүшелерін мәтінде аталған реті бойынша нөмірле.
Берілген сөздерді пайдаланып, өз отбасың туралы айт.
Дескриптор
Білім алушы - мәтінде кездесетін таныс сөздерді атайды;
- суреттерді мәтін мазмұны бойынша ретімен белгілейді;
- отбасы туралы әңгімелеуде таныс сөздерді қолданады.
Бөлімше 1.4. «Мәтіндегі негізгі, қосалқы мәліметтерді түсіну»
Оқу мақсаты
1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не туралы екенін түсіну.
Жұптық жұмыс Сұрақтарды пайдаланып, сурет бойынша диалог құрастыр.
- Суретте қандай отбасы бейнеленген?
- Отбасында неше адам бар?
- Олар кімдер?
Дескриптор
Білім алушы - сұрақтарға жауап береді;
- диалогті тақырыпқа сәйкес жалғастырады;
- суреттің мазмұнына сәйкес сұрақтар құрастырады;
- сұхбаттасын түсініп, сұраққа жауап береді;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
Мәтінді мазмұндауда фото/сурет/қуыршақтарды орынды пайдаланады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Мәтінді суреттер/қуыршақтардың көмегімен мазмұнда.
Үсеннің күшігі
Үсен бірінші сыныпта оқиды. Оның Жолбарыс деген күшігі бар. Ол күшігін өте жақсы көреді. Оған кішкентай үйшік жасайды. Ол күшігін үй күзетуге үйретеді.
Дескриптор
Білім алушы - кейіпкерлерді бейнелеуде суреттер/қуыршақтарды пайдаланады;
-мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды;
-сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
-сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.
Тапсырма Мәтінді мұқият тыңда.
Арман бірінші сыныпта оқиды. Оның мектебі үлкен. Мектеп үш қабатты. Бірінші қабатта асхана мен спортзал бар. Екінші қабатта кітапхана бар. Арманның сыныбы үшінші қабатта. Ол кең және жарық.
Жұптық жұмыс
Мәтін бойынша жұбыңа сұрақ қой. Жұбыңның қойған сұрағына жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы -мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады;
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
-сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
-сұраулы сөйлемнің интонациясын дұрыс қояды.
Бөлім: «Тілдік дағдылар»
Бөлімше 5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)
Оқу мақсаты
1.5.1.1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/санын/іс-қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану