Қалыптастырушы бағалау бойынша тапсырмалар жинағы Қазақ тілі (оқыту қазақ тілінде емес) 1-сынып



бет3/9
Дата16.08.2023
өлшемі17,49 Mb.
#105350
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ҚБ Қазақ тілі (Т2) 1-сынып 2018 2

Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану



1-тапсырма
Мәтінді тыңда.

Мынау – Марат. Ол – оқушы. Оның қаламы, қарындаштары бар. Қаламының түсі көк. Марат қаламмен жазады. Қарындашпен сурет салады.




Сұрақтарға жауап бер.

1. Мараттың қандай оқу құралдары бар?


2. Қаламының түсі қандай?
3. Суреттен Мараттың оқу құралдарын тауып, белгіле ().






Дескриптор

Білім алушы
- мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтінге сәйкес суреттерді анықтайды.

2-тапсырма
Сөйлемдерді тыңда. Сөйлемге сәйкес суретті белгіле ().



1.Мен мектепке барамын.





2.Мен сабақта отырмын.





3. Мен үзіліске шықтым.





4.Мен тамақ іштім.








Дескриптор

Білім алушы
- берілген сөйлемдерге сәйкес суреттерді анықтайды.



Бөлім: «Айтылым»





Бөлімше 2.1. «Сөздік қорды толықтыру»



Оқу мақсаты

1.2.1.1 Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдану





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сөйлеу барысында сипаттау сөздері мен сөз тіркестерін орынды қолданады




Ойлау дағдыларының
деңгейі



Қолдану

Тапсырма

Іздермен жүріп отырып, өзің туралы айт.







Дескриптор

Білім алушы
- өзін таныстыруда сипаттау сөздерді қолданады;
-сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.



Бөлімше 2.3. «Түрлі жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсу (диалог)»



Оқу мақсаты

1.2.3.1 Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Тақырып бойынша диалогке қатысады




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану

Тапсырма
Диалогті мұқият тыңда.

- Мынау не?


- Бұл - сынып.
- Сынып қандай?
- Сынып үлкен.
- Сыныпта не бар?
- Сыныпта ... ...


Жұптық жұмыс







Дескриптор

Білім алушы
- диалогті тақырыпқа сәйкес жалғастырады;
- суреттің мазмұнынан сәйкес сұрақтар құрастырады;
- сұхбаттасын түсініп, сұраққа жауап береді;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.



Бөлімше 2.6. «Орфоэпиялық нормаларды сақтау»



Оқу мақсаты

1.2.6.1 Мұғалімнің қолдауымен ә, ө, ү, ұ, і, ң, қ, ғ, һ дыбыстарын артикуляциялау





Бағалау критерийі

Білім алушы




Ойлау дағдыларының деңгейі



Қолдану



Тапсырма

«Артығын тап!» ойыны. Берілген әріптерден суреттегі заттың атауын құрастыр. Артық әріпті қоршап сыз және дыбысты ата.








Дескриптор

Білім алушы
- сөздерді дұрыс құрастырады;
- артық әріпті тауып, сәйкес дыбысты атайды;
- төл дыбыстарды дұрыс айтады.

Бөлім: «Жазылым»



Бөлімше 4.1. «Мәтінді түрлі формада ұсыну»



Оқу мақсаты

1.4.1.1 Мұғалімнің қолдауымен тақырыпқа негізделген суреттерді қолданып, шағын мәтін құрастыру.





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сурет бойынша шағын мәтін құрастырады




Ойлау дағдыларының
деңгейі



Білу және түсіну
Қолдану



Тапсырма
Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Төмендегі сұрақтарды пайдалан.






  • Суреттен не көріп тұрсың?

  • Бала күшігіне не көрсетіп отыр?

  • Күшік не істеді?

  • Қарға не айтып тұр деп ойлайсың?




Дескриптор

Білім алушы
- сұрақтарға сүйеніп, сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;
- сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырады;
- сөйлемдердің байланысын сақтай отырып, мәтін құрастырады.




Бөлім: «Тілдік дағдылар»





Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)»



Оқу мақсаты

1.5.1. 1 Мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/ санын /іс- қимылын білдіретін сөздерді ауызша тілде қолдану





Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Заттың атын білдіретін сөздерді атайды және дұрыс қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану



Тапсырма
Суретке мұқият қара. Суреттен кім? не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді тауып айт. Олармен сөйлем құрастыр.




Дескриптор

Білім алушы
- сурет бойынша заттың атын білдіретін сөздерді анықтайды;
- суреттің мазмұны бойынша зат есімдерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады.


Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)»



Оқу мақсаты

1.5.1.2* .Мұғалімнің қолдауымен көптік/тәуелдік/ жіктік /септік жалғауларын ауызша тілде қолдану





Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Сөйлеу барысында тәуелдік жалғауларын орынды қолданады




Ойлау дағдыларының деңгейі



Білу және түсіну
Қолдану

Тапсырма
Суреттерді толықтырып сал. Менің/сенің/ оның сөздерінің біреуін пайдаланып, ұлды немесе қызды таныстыр.






Дескриптор

Білім алушы
- бет-әлпет атауларын дұрыс атайды;
- суретті сипаттап айтады;
- тәуелдік жалғауын дұрыс қолданады.


Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)»



Оқу мақсаты

1.5.1.3 *Сөйлеу барысында мұғалім қолдауымен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымды/болымсыз етістікті қолдану.





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сөйлеу барысында етістіктің шақтарын орынды пайдаланады




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну
Қолдану



Тапсырма
Жақшаның ішінен сөйлемге сәйкес сөзді тауып айт.



  1. Кеше Саматтың туған күні (болады, болды).

  2. Ертең біз саябаққа (бардық, барамыз)

  3. Мен шахмат ойнап (отырмын, отырамын).

Әр сөйлемге сәйкес суретті тап және нөмірін жаз.





.

Дескриптор

Білім алушы
- сөйлемге сәйкес етістікті анықтайды;
- етістіктің шағын дұрыс қолданады;
- сөйлемге сәйкес суретті белгілейді.



Бөлімше 5.1. «Грамматикалық нормаларды сақтау
(лингвистикалық терминдерді қолданбау)»



Оқу мақсаты

1.5.1.4 Сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін мұғалімнің қолдауымен дұрыс қолдану





Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін орынды пайдаланады




Ойлау дағдыларының
деңгейі



Білу және түсіну
Қолдану





Тапсырма
Сурет бойынша «бұл», «мынау», «анау» сөздерін пайдаланып, сөйлемдер құрастырып айт.


Дескриптор

Білім алушы
- суреттегі оқу құралдарын дұрыс атайды;
- сілтеу есімдіктерін орынды пайдаланады;
- сөйлемдерді дұрыс құрастырады.


2-тоқсан

Бөлім: «Тыңдалым»


Бөлімше 1.1 «Тыңдаған материалдың мазмұнын түсіну»






Оқу мақсаты

1.1.1.1 Хабарлау, сұрау мақсатында баяу және анық айтылған сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және тиісінше іс-әрекет жасау (қимыл, ым-ишараны қолдану)






Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Сөздерді мағынасына қарай орынды қолданады







Ойлау дағдыларының
деңгейі



Білу және түсіну
Қолдану






Тапсырма
Өлеңді мұқият тыңда.



Ең жақын адамдар

Әкем мен анам бар. Ұлдардың үлкені,


Әкемнің әкесі, Бір туған ағам бар.
Ақ басты атам бар.

Әкемнің шешесі, Қыздардың үлкені,


Ақ шашты әжем бар. Бір туған әпкем бар.





  • Суреттен өлеңде аталған отбасы мүшелерін тап. Қима қағаздармен белгіле.


МЕН

ӘПКЕ

АҒА

ӘЖЕ

АТА

АНА

ӘКЕ




*Қима қағаздардың орнына сөзді жазуды ұсынуға да болады.




Дескриптор



Білім алушы
-өлеңде аталған отбасы мүшелерін анықтайды;
-отбасы мүшелерін қима қағаздармен белгілеп көрсетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет