Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не?


Қалыптастырушы бағалаудың мақсаттары



бет2/3
Дата03.05.2023
өлшемі18,54 Kb.
#89291
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
қалыптас бағалау

Қалыптастырушы бағалаудың мақсаттары:
оқу материалын меңгергендігі жөнінде объективті ақпарат алу,
білім алушының кемшіліктерін дер кезінде анықтау,
мұғалім - оқушы арасында кері байланысты орнату.


Қалыптастырушы бағалаудың міндеттері:
оқу мақсаттарын, бағалау критерийлерін анықтау, білім алушыларға ұсыну;
білім алушының қай деңгейге жеткенін дәлелдеуге көмектесетін бірлескен (коллаборативті) оқытуға арналған орта құру;
білім алушыларды дамытуға жағдай жасайтын сындарлы (конструктивті) кері байланысты қамтамасыз ету;
білім алушыларды бірін-бірі бірлесе оқытудың сапалы көзі ретінде қатыстыру;
Күтілетін нәтиже Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады
Оқушы өзін -өзі дұрыс бағалауды үйренеді.
Мұғалім мен оқушы арасында сенім мен сыйластық орнайды.
Оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Өзінің білім нәтижесін болжау және жетістіктерді түсіну үшін бағалау критерийлерін біледі және түсінеді.
Оқу нәтижесін дәлелдеу үшін білім алудың бірнеше түрлерін қолданып әр түрлі ойшылдардың әрекеттерін және қабілеттіліктерін қолданады.
Рефлексияда қатысу, өзін және өзінің сыныптастарын бағалай алады.
Нақты мәселелерді шешу үшін, әр түрлі көз қарастарды білдіруде және сыни ойлауда білімдерін қолданады.
Қалыптастырушы бағалау білім алушылардың оқу əрекеттері нəтижелерін ұғынуға бірден-бір мүмкіндік жасайды. Бұл олардың өз оқуын «құрушылар» ретінде жағдай жасауына мүмкіндік береді, алған нәтижелеріне деген жауапкершілігін арттырады. Жеке жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалауды жүзеге асыру үшін мұғалім білім алушылардың əрекеттерін жүйелі қадағалап және аралық нәтижелерді тіркеп отыруы қажет. Нәтижелерді тіркеу кезінде білім алушылар жұмысының жақсы жағына да, нашар тұсына да назар аударып отырған дұрыс. Жеке жұмыс нəтижелерін талқылауды тікелей білім алушылармен бірге жүргізуді есте сақтау қажет. Сондай-ақ, білім алушылардың өз ойын айтуына мүмкіндік беру манызды болып табылады. Жұмысты əрі қарай жоспарлау кезінде білім алушылардың мүмкіндіктерін, қажеттіліктерін ескерген дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет