Қалыптастырушы бағалау



Дата25.11.2023
өлшемі25,95 Kb.
#126286

Қалыптастырушы бағалау: Кодоминанттылық және көпаллельділікке генетикалық схемаларды пайдаланып есептер шығару
Өткізілген күні:
Оқушының аты-жөні:


1-есеп. Жүнінің түсі ақ иттерді жүнінің түсі қоңыр иттермен шағылыстырғанда бірінші ұрпақта күшіктер ақ түсті болады, ал F2 кезінде 12/16 ақ түске, 3/16 қара түске және 1/16 қоңыр түске ажырайды. Бастапқы форманың және буданның генотипін анықтаңдар. А – қара түсті, а – қоңыр түсті, I – жүн түсінің бояуын тұншықтырушы, i – жүн түсінің бояуы тұншықтырылмайды.
Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің қай түрі – ……………………………………………….....



Берілгені:

Шешуі:




Жауабы:
2-есеп. Жұмыршақ өсімдігінің түрі екі жұп полимерлі гендерге байланысты – А1а1 және А2а2. Бір доминантты гені бар өсімдіктің (А1 және А2) жемісі үшбұрышты болады және екі, үш, төрт доминантты гені бар өсімдік түрінен онша айырмашылығы болмайды. Доминантты гені жоқ (а1а1а2а2) өсімдіктің жемісі жұмыртқа пішінді болады. Гендері бойынша дигетерозиготалы А1 және А2 өсімдіктер будандастырылған. Фенотипі бойынша F1-дегі ажырауды анықтаңдар.
Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің қай түрі – ……………………………………………….....

Берілгені:

Шешуі:



Жауабы:


3-есеп. Хош иісті бұршақ өсімдігі гүлінің ақ түсін анықтайтын С және Р гендер генотипте жеке-жеке болса, онда ақ түсті, ал осы гендердің доминантты аллельдері бір генотипте болған жағдайда күлгін түсті береді. Гүлінің түсі ақ бұршақ өсімдігін, гүлінің түсі күлгін бұршақ өсімдігімен будандастырғанда 3/8 күлгін түсті және 5/8 ақ түсті гүлді өсімдіктер алынған. Бастапқы өсімдіктердің генотипін анықтаңдар.
Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің қай түрі – ……………………………………………….....



Берілгені:

Шешуі:



Жауабы:

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет