стилистикалық синонимдердің қызметін анықтай алады;
Практикалық сабақтың тапсырмасы: Тілдік құралдардың стилистикалық мағынасы мен бояуын анықтау
Сұрақнама:
1. Тілдік құралдардың стилистикалық мағынасы мен бояуы дегенді қалай түсінесіз? Стилистикалық коннотацияға анықтама беріңіз. 2. Стилистикалық синонимдер дегеніміз не? 3. Тілдің бейнелеу-мәнерлеу құралдарының әрқайсысына (троптар, стилистикалық фигуралар) сипаттама беріңіздер. 1-тапсырма: Төменде қарамен берілген тілдік бірліктердің стильдік қызметіне талдау жасаңыздар.
Міне, осы атмосфералық қысым қалай анықталды екен, енді соған келейік. Жоғары көтерілген сайын Торичелли қуысы өсе береді, мұның себебі, атмосфералық қысымның азая беруінде. Мәселен, сүңгуір қайықтың су астында, кемелердің теңіз беттерінде жүзіп жүруі, снарядтардың, самолеттердің әуеде ұшуы қатты денелердің сұйық зат ішіндегі қозғалысына мысалдар бола алады. Бұлардың құрылыстары және жобаланулары математикалық әдісті, былайша айтқанда, дифференциалдық теңдеулер теориясын қолдануды талап етеді. Айталық, динамикалық система үш денеден тұратын болсын, және олардың біреуі мардымсыз кішкентай болсы. Атап айтқанда, орнықтылық теориясын физика мәселелерінде Л.И. Мандельштам өзінің еңбектерінде тербелістер теориясын зерттеуге қолданды. Оның шешуі былай: 1) Жердің өзіне тарту өрісі жазық параллель және 2) аэродинамикалық күштер атмосфераның жоғарғы қабатындағы ауаның кедергі күштері жоқ деген ұйғарулар (болжаулар) жасау керек. Мәселен, құлаштап лақтырылған тастың мылтықтан немесе зеңбіректен атылған оқтың траекториялары парабола болады. Еске сала кететін бір мәселе: ракета да, корабль де бірден жоғарыда айтылған жылдамдықтарға (космостық жылдамдықтарға) ие болмайды. Сонымен, ракета Жер бетінен көтерілгенде оның жылдамдығы оқтың жылдамдығынан көп болмайды. Дегенмен, математикалық машинаның ролін айқын түрде елестету үшін бірнеше мысалдар келтірейік. Мұндай идеялардың тууына себеп мынау: жарықтың таралу жылдамдығы секундына 300 000 километр. Бір сөзбен айтқанда, материалды нүктенің қозғалыс заңын табу деген мәселе дифференциалдық теңдеудің шешуін табу деген сөз. Екінші жағынан, осы заңдарға сүйеніп дифференциалдық теңдеулердің көмегімен Ньютон планеталарды қозғалысқа келтіретін қандай күштер екенін тапты. А.М. Ляпуновтың қалдырған ғылыми мұрасын, оның әдістерін терең зерттеу, онан әрі дамыту қаіргі дәуірдегі механиканың өте маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осы принциптің қандай тәжірибелік маңызы бар, сол жәйлі қысқаша тоқталалық.. Егер мұндай радиосигнал жұп өлшеуішті, мәселен, төрт өлшеуішті кеңістікте берілетін болса, онда Гюйгенс принципі бойынша мынадай қорытындыға келеміз: мұндай кеңістікте берілген радиосигнал анық, айқын қабылданбайды, өйткені қабылданған сигналдың айқындығы, сигналдың өзінің тарауынан туған жаңғырықпен бұзылады.